Аңдатпа

Қазақстанда 19 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан
Виды города Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 19 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 20-31 қаңтар аралығында және 1 ақпанда не жоспарланғанын біле аласыз

19 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
12.00 – "В театр приглашают дети" концерті өтеді. Онда "Астана Опера" театрының балалар театр студиясының тәлімгерлері өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

20 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.30 - Қазақстанның ет одағының брифингі. Спикерлер: одақтың басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков, "Мясная индустрия" ЖШС директоры Қайыржан Наурызғалиев, фермер Ақылбек Сағитов (Marriott қонақ үйі, Достык көшесі, 2. Аккредитация +7 701 677 49 77 телефоны немесе info@meatunion.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12:20 - "Даму" қорының 2019 жылдағы қызметінің нәтижесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: басқарма төрайымы Бурибаева Гаухар Асылбекқызы, басқарма төрайымының орынбасары Сәрсекеев Фархат Қайнарұлы, басқарушы директор Сәрсенғалиева Айман Амангелді қызы (ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 - Ермек Тұрсыновтың "Шырақшы" фильмінің тұсаукересі өтеді. (Kinopark 9 IMAX Saryarka. Аккредитация +7 705 226 06 48, +7 777 245 00 92, +7 777 227 93 21 телефондары арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ
12.00 – "Передел собственности или "мертвые души": удастся ли многодетным матерям получить свою землю" тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2, "Сәтті" ТК, 58 үй, akparat@pressclub.kz, телефон: +7 747 262 20 63).

21 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығының ресми ашылу салтанаты және Қазақстан өнерпаздарының концерті өтеді. ("Астана Опера" театры. Аккредитация p.pressa@mks.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 - "Приношение Бетховену" концерті ("Астана Опера" театры, Қонаев даңғылы, 1).

АЛМАТЫ
11.00 – Қазақстан қор биржасының баспасөз мәслихаты өтеді (Almaty Towers көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280).

24 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
17.00 – Корей жаңа жылы өткізіледі. Мерекелік шараға кіру тегін (Корея мәдени орталығының шағын кинозалы, "Нурсәулет-2" бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 (7172) 90 11 13).

25 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
17.00 - "Абай" операсы сахналанады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

31 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
10.00 - "Digital Almaty: ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы" халықаралық форумы ұйымдастырылады (Ritz Carlton Almaty қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 92 73).

1 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы өтеді ("Медеу" мұз айдыны, байланыс телефоны: +7 701 257 05 23, email: d.tanasheva@infores.kz).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0