Аңдатпа

Қазақстанда 22 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЭКСПО 2017 аумағы
ЭКСПО 2017 аумағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 22 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 23-31 қаңтар аралығында және 1 ақпанда не жоспарланғанын біле аласыз

22 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері "СК-Фармация" ЖШС басшылығымен кездеседі. Кездесуде ЖШС-ның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясындағы қызметті жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютер ретіндегі жұмысының тиімділігі талқыланады (парламент сенаты, Мәңгілік ел даңғылы, 2, 214 кабинет).

10.00 – парламент мәжілісінің отырысы (Мәңгілік ел көшесі, 2).

11.00 – Күрделі жөндеуден өткен вагондардың презентациясы. Шараға "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Михаэль Кортюм қатысады ("Нұрлы жол" вокзалының перроны. Байланыс телефондары: +7 701 414 29 76, +7 (7172) 60 01 98).

АЛМАТЫ

11. 00 - "Алматы қаласының таеквондо федерациясының президентін сайлау айналасындағы жағдайға байланысты баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Оған өз құқықтарын қорғап жүрген  ұйым басшысы Олжас Дүйсембаев қатысады. ("Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а. Аккредитация +7 (727) 250 35 28, +7 777 300 16 95 телефондары немесе press2@interfax.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

16.00 - IATA мен IOSA-ға мүше Орталық Азия елдерінің әуе компаниялары басшыларының "дөңгелек үстел" отырысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.  Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Әзербайжанның өкілдері қатысады. (Novotel Almaty City Center қонақ үйі, Достық даңғылы, 104 А).

19.00 – "Танымал музыка архиві: Элвис Пресли" дәрісі ("La Boheme" театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны: +7 747 331 83 11).

19.30 –  "Леонардо. Вся история" деректі фильмінің көрсетілімі (Kinopark 11 Esentai, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).

23 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Композитор, пианиношы Серік Еркімбековтың концерті. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 70 52 44).

24 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Корей жаңа жылы өткізіледі. Мерекелік шараға кіру тегін (Корея мәдени орталығының шағын кинозалы, "Нұрсәулет-2" бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 (7172) 90 11 13).

АЛМАТЫ

10.00 – "Қаржы мен салық туралы қарапайым тілмен" IV жыл сайынғы турне аясында семинар ұйымдастырылады.  (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44. Аккредитация +7 701 872 72 03 телефоны арқылы жасалады).

19.00 – "Владимир Высоцкий. Полгода до бессмертия" музыкалық-поэтикалық кеші. Шараны Владимир Высоцкий атындағы халықаралық орталықтың Қазақстандағы өкілдігі ақынның туған күніне орай ұйымдастырып отыр ( "La Bohême" театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефондары: +7 777 168 84 59, +7 705 777 00 53).

25 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Абай" операсы сахналанады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.30 - Astana Musical театрының концерті – "Сиқырлы сазды хор-концерт". ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңігілік Ел даңғылы, 10. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 70 52 44).

АЛМАТЫ

12.00 - "Шетелдегі білім" көрмесі. (Axis Education, Клочкова көшесі, 89).

26 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Тамара Гвердцителидің концерттік бағдарламасы - "Ориентир любви" ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңігілік Ел даңғылы, 10).

АЛМАТЫ

08.00 - LITR (Long Interval Training Relay) GAME 2020 командалық жарысы. Старт – Бутаков шатқалы. LITR Game эстафетасы ерлер, әйелдер және аралас командалар арасында өтеді. Әрбір қатысушы кезектесіп бір маршрутты бес рет айналып өтеді. Жарыс екі кезеңнен тұрады.  (Байланыс телефондары +7 707 824 69 31, +7 778 871 81 18).

27 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің халықпен кездесулері басталады.  Есіл ауданының әкімі 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында кездесулер өткізеді. (Өтетін жерлер:  29 қаңтарда - №24 орта мектеп, Арнасай көшесі, 127; 30 қаңтарда - №69 мектеп-гимназиясы,  Исатай батыр көшесі, 141/1; 31 қаңтарда - №75 мектеп-гимназия, Мәңгілік Ел даңғылы, 28/1; 3 ақпанда -  №59 мектеп-лицей, Сауран көшесі, 5/1; 4 ақпанда – Қазақ мемлекеттік заң университеті, Қорғалжын тас жолы, 8).

Алматы ауданы әкімінің кездесулері 3-7 ақпан аралығында ұйымдастырылады. (3 ақпанда – Гумилев атындағы ЕҰУ, Сәтпаев көшесі,2; 4 ақпанда - №63 орта мектебі, Лепсі көшесі, 38; 5 ақпанда - №29 орта мектебі, Горький көшесі, 22; 6 ақпанда  - №86 орта мектебі, А-98 көшесі, 20; 7 ақпанда - №72 орта мектебі, Нәжімеденов көшесі 10/5).

Сарыарқа ауданы әкімінің кездесулері 27 қаңтар  - 3 ақпан аралығында өтеді. (27 ақпанда  - "Көктал-1","Наз" мемлекеттік театры, Алмалық көшесі, 1; 28 ақпанда - "Көктал-2", №68 орта мектебі, Кұсмұрын көшесі, 2; 29 қаңтарда - "Агроқалашық", №20 орта мектебі, Қарталы көшесі, 62; 30 қаңтарда - "Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10; 31 қаңтарда - №65 мектеп гимназиясы, 187 көшесі, №18/4; 3 ақпанда – Оқушылар сарайы, Мамбетов көшесі, 1).

Байқоңыр ауданы әкімінің кездесулері 27-31 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. (27 қаңтарда - №49 орта мектебі, Сарыадыр көшесі, 3; 28 қаңтарда - №55 орта мектебі,

Досмұхамедұлы көшесі, 2, 29 қаңтарда - №10 мектеп-гимназиясы, Ғабдуллин көшесві, 7; 30 қаңтарда - №4 орта мектебі, Айманов көшесі, 3; 31 қаңтарда - №87 мектеп-гимназиясы, Иманов көшесі, 39).

Барлық кездесу "сұрақ-жауап" форматында өтеді. (Байланыс телефондары: Алматы ауданы  +7 (7172) 36 39 19, Есіл ауданы +7 (7172)  57 73 83, Сарыарқа ауданы +7 (7172) 55 66 03, Байқоңыр ауданы+7 (7172)   55 74 91).

31 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 - "Digital Almaty: ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы" халықаралық форумы ұйымдастырылады. Шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, жетекші CEO мамандар, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады. Негізгі тақырып – үлкен мәліметтер мен жасанды интеллекттің негізінде аймақты тұрақты дамыту. Форум аясында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, сондай-ақ, Әзербайжан, Өзбекстан мен Молдова үкімет басшыларының пленарлық сессиясы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, ЕЭК төрағасы Михаил Мясникович, UNICEF-тің инновациялар жөніндегі бас кеңесшісі Кристофер Фабиан,  IDC президенті Кроуфорд Дель Прет,  Amazon Web Services компаниясының трансформация жөніндегі директоры Лиам Максвелл,  Qwasar Silicon Valley негізін салушы Кваме Ямгнане және тағы басқа танымал тұлғалар өз ойларын ортаға салады. Форумда алғаш рет  Digital Almaty Awards  сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді. (Ritz Carlton Almaty қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 92 73).

1 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы өтеді ("Медеу" мұз айдыны, байланыс телефоны: +7 701 257 05 23, email: d.tanasheva@infores.kz).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0