Аңдатпа

Қазақстанда 29 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 30 наурыз - 8 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. 19 наурыздан бастап Алматы мен астана карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

Балалар кітабы апталығы. Бұл кең ауқымды онлайн-жобаның бастамашысы – Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Sputnik Қазақстан, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, сондай-ақ Ресей елшілігі және "Комсомольская правда" және "Аргументы и факты" газеттері. Іс-шара Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған, онда ресейлік және қазақстандық балалар жазушылары мен ақындары сөз сөйлейді. Олар жас оқырмандарға өз шығармашылығы туралы айтып береді, жаңа туындыларымен таныстырады.

29 наурызға жоспарланған шаралар

17.00 – "Абай-сатирик" тақырыбында онлайн дәріс. #bizbirgemiz_сultur жобасы аясында жазушы-сатирик, "Алаш" халықаралық сыйлығының лауреаты Әмірбек Көпен жүргізеді (тікелей трансляция @mcs.govrk).

18.00 – "Астана Опера" театрының қойылымында Джоаккино Россинидің "Севильдік шаштараз" операсы. Tengrinews.kz/tv/ арнасында онлайн-трансляция.    

1 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театрының қойылымында "Баядерка" балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

3 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 –"Астана Опера" театрының қойылымындағы Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

4 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Арам Хачатурянның "Спартак" қойылымы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

5 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00- "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

8 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0