Аңдатпа

Қазақстанда 24 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуТеатральная сцена, занавес, иллюстративное фото
Театральная сцена, занавес, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24-30 сәуір аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

24 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 - Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қызметкері ат әбзелдері туралы бейнелекция өткізеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

15.00 – Қазақстанда президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толуына арналған "Президенттік басқару тәртібі: конституциялық негіз және саяси тәжірибе" халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы. Іс-шараға Қазақстанның және бірнеше шет елдің (Ресей, Франция, Әзербайжан және т.б.) жетекші ғалымдары: тарихшылар, саясаттанушылар, құқықтанушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, магистранттар, докторанттар және мектеп мұғалімдері қатысады. Конференцияда тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері талқыланады.  

(Конференцияны мына сілтемелер арқылы көруге болады: қазақ тілінде – https://www.youtube.com/watch?v=6cxa--E1SyE&feature=youtu.be,  орыс тілінде –https://youtu.be/agSRd-z45hM, ағылшын тілінде – https://youtu.be/R-S9CMMRiLk).

19.00 – Астаналық мәдениет басқармасының "Онлайн сұхбат" бағдарламасы. Жүргізуші - қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы - Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері, кинорежиссёр Талғат Теменов (Тікелей трансляция - @ns_madeniet)

20.00 –  Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шолпан Сіргебаеваның қатысуымен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында өтеді – @ musrepov.theatre).

22.00 – Қытай ұлттық балеті бағдарламасының онлайн-көрсетілімі. Бағдарлама 2018 жылы жазда Нұр-Сұлтанда "Eurasian Dance Festival" фестивалінде таныстырылған болатын (Трансляция "Астана Балет" театрының ресми YouTube-каналында).

25 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі қорының жұмысына арналған тікелей эфир. Музей қызметкері Гүлзира Молдашева жәдігерлердің қалай сақталып, реставрация жасалатынын айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

19.00 - Астаналық мәдениет басқармасының "Онлайн сұхбат" бағдарламасы. Жүргізуші - қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы - эстрадалық әнші, актриса Айгүл Иманбаева (Тікелей трансляция - @ns_madeniet).

26 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 - "Декоративная рыбка в технике акварели" шеберлік сағаты. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музей қызметкері Аида Елеуова өткізеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

19.00 - Астаналық мәдениет басқармасының "Онлайн сұхбат" бағдарламасы. Жүргізуші - қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы - театр және кино актері, театр режиссері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0