Жаңбыр, архивтегі сурет

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

399
Елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жауып, солтүстік пен орталық аймақтарда тұман болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Оңтүстік-батыс пен батыста жаңбыр болады. Жел күшейіп, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта тұман болжанып отыр", - деп хабарлады синоптиктер. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 11 мамыр күні +27..+29 °C, түнде +14..+16 °C. 

Алматыда күн бұлтты. Күндіз сынап бағанасы +23..+25 градусқа дейін көтеріледі, желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Шымкенте дүйсенбі күні күн бұлтты. Күндіз +31 °C, түнде: +16..+18 °C. 

Өңірлердегі ауа райы

Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, желдің жылдамдығы - 18 м/с. 

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр. 

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ақмола, Қарағанды облыстарында найзағай, Қарағанды облысында тұман болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

399
Кілт сөздер:
мамыр, синоптиктер, ауа райы
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Қазақстанда 29 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

33
Sputnik Қазақстан 29 мамыр мен 29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

29 мамырға жоспарланған шаралар

10.00 – "Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе мен басымдықтар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастыратын конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскерлік және ғылыми элитаның өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа да елдердің сарапшылары қатысады.

10.00 - Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында "Қазақстан: тарихи тағылым саясаты" халықаралық on-line-конференция өтеді. Конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрағасы, Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы С.К.Смирнова, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. БАҚ өкілдері baspasoz@qkelisim.kz электронды мекенжайы арқылы тіркеледі. Қосымша ақпарат: +7 747 312 90 95; +7 771 555 44 89; www.assembly.kz. Онлайн қосылу үшін: https://www.facebook.com/assemblykaz/.

2 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 -  Дүниежүзілік банктің "COVID-19 және Орталық Азияның азық-түлік қауіпсіздігі" тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жетекші экономисі Сергий Зоря. Брифинг аясында коронавирус пандемиясының (COVID-19) Орталық Азия мемлекеттерінің ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық-импорттық әлеуетіне ықпал ету мәселелері қаралады. БАҚ-ты тіркеу үшін: +7 701 944 79 08 (WhatsApp, Telegram), email: media@askredpoint.com. Тіркеу кезінде онлайн баспасөз мәслихатына қосылуға болатын бірегей сілтеме жолданады.  

5 маусымға жоспарланған шаралар

16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің "Ашық диалог" порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

33
Алматы көрінісі

Қазақстанда 28 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

315
(Жаңартылды 15:27 27.05.2020)
Sputnik Қазақстан 28 мамыр мен 17 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

28 мамырға жоспарланған шаралар

10.00 – Парламент сенатының пленарлық отырысы (БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз).

11.00 – 30 мамыр – Дүниежүзілік шашыраңқы ұмытшақтықпен күрес күніне орай "Интерфакс-Казахстан" агенттігінде онлайн баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Оған "Еуразиялық медициналық қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы, денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова, Нұр-сұлтан қаласы бойынша шашыраңқы ұмытшақтықпен ауыратын мүгедек-науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапура Байқуанова, ТМД елдері бойынша Merck Biopharma директоры Роджер Элиа, Sona-Pharm компаниясының бас директоры Остап Купновицкий қатысады. Онлайн конференцияны ZOOM желісіндегі https://zoom.us/j/ сілтемесі бойынша көруге болады. 8723347618, +7 777 681 70 40, +7 777 300 16 95 телефон нөміріне хабарласып, ақпарат алып немесе press2@interfax.kz электронды поштасы арқылы сауал жолдай аласыздар.

20.00 – "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев "Вальпургиев түні" бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

29 мамырға жоспарланған шаралар

10.00 – "Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе мен басымдықтар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастыратын конференция жұмысына қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскерлік және ғылыми элитаның өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа да елдердің сарапшылары қатысады.

5 мамырға жоспарланған шаралар

16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің "Ашық диалог" порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады. Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

315
Кілт сөздер:
Қазақстан, мамыр, оқиғалар, шаралар
Бойжеткен, иллюстративті фото

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр видео

8
(Жаңартылды 20:10 28.05.2020)
Азия Бергер Флорида штатында Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрады. Лекси, Ари деген бір әпке, бір сіңлісі бар. Колледжде өнер саласында оқиды

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Азия Бергерді 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған. Қазақстанның Семей қаласында туған бойжеткен биологиялық ата-анасын тапқысы келеді. Бұл жайында ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында айтты.

Азияның айтуынша, биологиялық ата-анасы Құралай және Қуат Ашқановтар есімді жұп. Бойжеткен 2000 жылы дүниеге келген, 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған.

Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды 

"Аты-жөнім – Asia Berger. Бұл есімді Америкадағы ата-анам қойған. Шын есімім – Салтанат Ашқанова. Мені Қазақстанның Семей қаласынан 16 ай кезімде асырап алған. Өзімнің биологиялық ата-анамды табамын деп шешім қабылдадым. Тегім – Бергер, бірақ біз неміс емеспіз. Әкемнің ата-бабасы, туыстарының неміске қатысы болуы мүмкін", - дейді бойжеткен сұхбатында.

Азия Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжеде өнер саласында оқиды.  

"Мен Флоридада Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрамын. Ол жерге бала кезімде баратынмын. Лекси, Ари деген бір әпкем, бір сіңлім бар. Үйде ортаншы баламын. Колледжде өнер саласында оқимын. Біз бір-бірімізбен өте жақын араласамыз, бірге қыдырамыз", - деді ол отбасы жайлы.

Айтуынша, америкалық ата-анасы асырап алғанын жасырмаған.

"Мені асырап алғанын сұрастырып білген жоқпын. Оны бұрыннан білетінмін. Әкем Нью-Йоркте Бруклинде туып өскен. Анам Орталық-батыста туған. Анамның шашы сары, көздері көк. Сырт келбетімізде айырмашылықтар байқалатын. Ата-анам асырап алғаны жайлы жасырған емес", - дейді ол.

Азия сұхбат барысында үйінде Қазақстан жайлы кітаптың көп екенін айтты.

"Барлық жағынан ашық сөйлесе білеміз. Әкем туған жерін білуді маңызды деп санайды. Әсіресе, үйімізде Қазақстан жайлы кітап көп. Қай жерден екенімді біле бермеймін, алайда ата-анамның маған көмек көрсетіп жатқаны үшін ризамын", - дейді бойжеткен.

"Қазақстан жайлы ешқашан жаман пікірде болған емеспін. Себебі туған ата-анамның өз қиындығы болған шығар. Одан бөлек асырап алынған барлық баланың атынан да сөйлей алмаймын, әр адамның өз қиындығы, өмір тәжірибесі бар. Сол туралы ойлаған кезде туған ата-анама деген өкпе-реніш те, сағыныш та жоқ, - дейді ол.

Бойжеткен биологиялық ата-анасының өткен өмірін білмей тұрып, оларды талқылай алмайтынын айтты.

"Менің америкалық ата-анам көп саяхаттайды. Әртүрлі елді, мәдениетті көрген кезде бірден үйренісе алмайды. Мен де Қазақстанға барсам, дәл солай мәдени шок алуым мүмкін", - дейді Азия Бергер.

8
Кілт сөздер:
видео, Америка, бала асырап алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты 
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
"Көкшетауда тұратынын сеземін": Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр
Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды