Аңдатпа

Қазақстанда 8 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневОформление столицы ко Дню города
Оформление столицы ко Дню города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8-13 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

8 шілдеге жоспарланған шаралар  

16.20 – "Карантин шараларын күшейту кезеңінде қабылданған шаралар туралы" деген тақырыпта баспасөз конференциясы. Спикерлер: еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов және қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов. Іс-шара Қазақстан президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ алаңында өтеді, трансляцияны Youtube және Facebook-тен көруге болады.

11 шілдеге жоспарланған шаралар  

12.00 – "Астана Опера" театрының "Балаларға арналған классика" сериясынан "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция TengriTV-да)

13 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - Кәсіби емес орындаушылар арасында "Абай әндері" онлайн байқауы басталады. Байқауды Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ақынның 175 жылдығына арнап ұйымдастырып отыр. Байқауға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Абай Құнанбаевтың туындысын орындап, видеоны қазылар алқасына жіберу керек. Байқау 9 тамызға дейін жалғасады (Іс-шара туралы толық ақпаратты www.gatob.kz ресми сайтынан алуға болады).  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0