Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 23 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

124
Sputnik Қазақстан 23 шілде мен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

23 шілдеге жоспарланған шаралар

14.00 – Мәскеу - Бішкек - ​​Ереван - Минск бейнекөпірі форматында Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренкомен ЕАЭО елдеріндегі тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша кездесу өтеді.

"Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке енгізілген өзгерістер аясында дәрі-дәрмек қалдықтарының рұқсат етілген деңгейін төмендету жоспарланып отыр ма? Шикі сүтте және дайын сүт өнімдерінде антибиотиктердің және ветеринариялық препараттардың бар-жоғын анықтау әдістері өзгертіле ме, жоқ па? Ветеринариялық дәрі-дәрмектерді қолдануға бірлескен бақылауды күшейту мақсатында ЕАЭО-да жаңа шаралар енгізу жоспарланып жатыр ма? Бейнекөпір барысында осы сұрақтар қарастырылады деп жоспарланып отыр.

БАҚ өкілдерін онлайн-кездесуге қатысуға шақырамыз, трансляция Sputnik Қазақстан сайтында 23 шілде сағат 14:00-де өтеді.

Сұрақтарды +7 747 220 74 01 (WhatsApp), a.nurgazinova@sputniknews.com электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Entrepreneurship World Cup 2020 Kazakhstan стартаптардың онлайн байқауы. Жеңімпаз Эр-Риядқа Әлем Кубогына баруға (2020 жылдың күзі-қысы) және өз стартапын инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алады. Өтінім Қазақстанның барлық өңірінен қабылданады (Тіркелу мына сілтеме арқылы)

Суретші Ғалым Оспановтың "Тыныш өмір" жеке көрмесі, бағыты: кескіндеме, пейзаж, натюрморт (Трансляция Алматы Музейдің Instagram-дағы ресми парақшасында - @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92)

25 шілдеге жоспарланған шаралар

10.00 – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында белтемірге тартылудан онлайн-жарыс. Жарыс төрт жас категориясы бойынша өтеді: 16-18 жас, 19-23 жас, 24-40 және 40 жастан жоғары. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады. (WhatsApp арқылы тіркелу +7 701 909 66 77)

18.00 – "Астана Опера" театрының "Восемь времен года" концерті (Трансляция  TengriTV)

26 шілдеге жоспарланған шаралар

12.00 – "Классика детям" циклынан "Музыкальное разноголосье" концерті. "Астана Опера" театры (трансляция на TengriTV)

28 шілдеге жоспарланған шаралар

Қазақстандық суретші Анар Әбжанованың "Қазақ сакурасының гүлденуі" жеке виртуалды көрмесі, бағыты: кескіндеме, пейзаж. (Трансляция Алматы Музейдің Instagram-дағы ресми парақшасында - @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92)

30 шілдеге жоспарланған шаралар

Суретші Бердалы Оспанның "Өткен күнге саяхат" жеке виртуалды көрмесі, бағыты: графика, кескіндеме, абстракция. (Трансляция Алматы Музейдің Instagram-дағы ресми парақшасында - @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92)  

31 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театрының "Дон Кихот" балеті (трансляция на TengriTV)

4 тамызға жоспарланған шаралар

Қазақстандық суретші Ольга Кадырованың "Свежий глоток. Новая жизнь" жеке виртуалды көрмесі, бағыты: ЭБРУ техникасындағы интерьерді абстракциялау. (Трансляция Алматы Музейдің Instagram-дағы ресми парақшасында - @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92)  

6 тамызға жоспарланған шаралар

Суретші Равиль Нарегеевтің "Истина внутри тебя" жеке виртуалды көрмесі, бағыты: графика. (Трансляция Алматы Музейдің Instagram-дағы ресми парақшасында - @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92)

11 тамызға жоспарланған шаралар

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі, бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы Музейдің Instagram-дағы ресми парақшасында - @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

124
Алматы көрінісі

Қазақстанда 11 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

79
Sputnik Қазақстан 11-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 - Үкімет отырысы. Эпидемияға қарсы шаралар, 2020 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы бюджеттің орындалуы және елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланады (Отырыс онлайн режимінде PrimeMinister.kz сайтында көрсетіледі).

12.00 – "Абайдың адамгершілік ілімі" онлайн дәрісі. "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік қорық-музейі ұйымдастырған шара #bizbirgemiz_cultur жобасының парақшасында трансляцияланады.

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

15 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – "Бетховен – Бесссмертие - Любовь" балеті, "Астана Опера" театры (Трансляция на tengri.tv).

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция на tengri.tv).

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция на tengri.tv)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

79
Абай Құнанбаев

10 тамыз Абай күні: мерекелік шараларға шолу

176
(Жаңартылды 11:28 10.08.2020)
Барлық шара мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында – Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгін елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтеді. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілді. Sputnik Қазақстан Абай күніне арналған іс-шараларға шолуды ұсынады.

Тәулік бойы онлайн шаралар көрсетіледі  

Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Абай күніне арналған 100-ден астам іс-шара өткізіледі. Пандемияға байланысты барлығы онлайн форматта ұйымдастырылады.

Семейдегі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығы "Хəкім Абай" атты арнайы мəдени бағдарлама дайындады. Оған сәйкес, мерекелік шаралар таңғы сағат 8:00-де басталды. Осы уақытта Жидебайдағы Абай музей-үйі Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығады. Содан кейін өңірлердегі танымал мəдениет жəне өнер қайраткерлері Абай шығармаларын оқиды.

Бұдан бөлек, тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, "Абай-Шəкəрім" кесенесіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болады.  

"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады 

Дəл осы күні Семейдегі "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында "Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат" атты халықаралық конференция өтеді. Оған танымал ғалымдар мен абайтанушылар қатысады.

Барлық шара мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында – Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ, осы күні əлеуметтік бейнебаяндар мен қысқаметражды фильмдерге арналған "Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы" атты онлайн-фестиваль басталады.

Айта кетейік, мереке күні елордамыз бен өңірлерде кемеңгер ойшылды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рəсімі өтеді.

Халықаралық эстафета

10 тамызда сағат 15.00-де "Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челленджі басталады. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады. Видеомарафон француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс мен итальян тілдерінде өтеді.

Челлендж 10-17 күндері өтеді және министрліктің YouTube каналында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Айта кетейік, былтыр 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатқа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына танымал француз актері Сами Насери де қосылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB MEDIA 2020 (@ztb_video)

Концерттер шеруі өтеді

10 тамызда "ҰЛЫ ДАЛА – ҰЛЫ АБАЙ" атты концерттер шеруі ұйымдастырылады. Соның аясында мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында бірнеше концерт көрсетіледі.

  • 12.00 - Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының "АБАЙ ӘЛЕМІ" концерті;
  • 16.00 - Әміре Қашаубаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті;
  • 20.00 - "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – АБАЙДЫҢ ХАЛҚЫ" концерті.

Сонымен қатар осы күні Мәдениет және спорт министрлігінің барлық платформасынан өңірлік концерттік ұйымдардың үздік видеожұмыстарымен де танысуға болады.

Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

  • Абай Құнанбайұлының шын есімі – Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;
  • Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";
  • Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
  • Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
  • Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
  • Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
  • Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
  • Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
  • Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
  • Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан.
176
Кілт сөздер:
мереке, Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
Абайдың туған жерін көру үшін ағайынды жігіттер 46 күн жаяу жүрді
"Тойды жаназа үшін жасамайық": зиялы қауым өкілдері халыққа өтініш жасады
Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді
Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды
Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды – видео
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0