Аңдатпа

Қазақстанда 5 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

5 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.30 – Дүниежүзілік банктің "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" тақырыбында онлайн-брифинг. Спикерлер: Айша Вауда, Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы; Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры; Сусанна Айрапетян, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша Адами капитал жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: Тел: +7 701 944 79 08, email: media@askredpoint.com.

10.00 – "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі дайындаған онлайн-экскурсия (Музейдің Instagram-дағы парақшасында трансляция жасалады – @tanbalymuseum).

16.20 – "Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы" деген тақырыпта ОКҚ онлайн-брифингі. Спикерлер: индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов (YouTube, Facebook-тегі трансляцияның сілтемелері).

19.00 – Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube-арнасында трансляция жасалады).   

6 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Равиль Нарегеевтің "Истина внутри тебя" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

19.00 – Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-арнасында трансляция жасалады).

19.00 – "Шелковая лестница" операсы. "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

7 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – Дина Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-арнасында трансляция жасалады).   

8 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – "Маленькая торжественная месса" концерті. "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

19.00 – Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-арнасында трансляция жасалады).

9 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям": "Карнавал животных. Зоологическая фантазия" циклінен концерт (Трансляция TengriTV-де).

19.00 – Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-арнасында трансляция жасалады).  

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92) 

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0