Абай Құнанбаев

10 тамыз Абай күні: мерекелік шараларға шолу

466
(Жаңартылды 11:28 10.08.2020)
Барлық шара мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында – Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгін елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтеді. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілді. Sputnik Қазақстан Абай күніне арналған іс-шараларға шолуды ұсынады.

Тәулік бойы онлайн шаралар көрсетіледі  

Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Абай күніне арналған 100-ден астам іс-шара өткізіледі. Пандемияға байланысты барлығы онлайн форматта ұйымдастырылады.

Семейдегі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығы "Хəкім Абай" атты арнайы мəдени бағдарлама дайындады. Оған сәйкес, мерекелік шаралар таңғы сағат 8:00-де басталды. Осы уақытта Жидебайдағы Абай музей-үйі Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығады. Содан кейін өңірлердегі танымал мəдениет жəне өнер қайраткерлері Абай шығармаларын оқиды.

Бұдан бөлек, тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, "Абай-Шəкəрім" кесенесіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болады.  

"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады 

Дəл осы күні Семейдегі "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында "Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат" атты халықаралық конференция өтеді. Оған танымал ғалымдар мен абайтанушылар қатысады.

Барлық шара мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында – Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ, осы күні əлеуметтік бейнебаяндар мен қысқаметражды фильмдерге арналған "Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы" атты онлайн-фестиваль басталады.

Айта кетейік, мереке күні елордамыз бен өңірлерде кемеңгер ойшылды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рəсімі өтеді.

Халықаралық эстафета

10 тамызда сағат 15.00-де "Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челленджі басталады. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады. Видеомарафон француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс мен итальян тілдерінде өтеді.

Челлендж 10-17 күндері өтеді және министрліктің YouTube каналында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Айта кетейік, былтыр 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатқа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына танымал француз актері Сами Насери де қосылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB MEDIA 2020 (@ztb_video)

Концерттер шеруі өтеді

10 тамызда "ҰЛЫ ДАЛА – ҰЛЫ АБАЙ" атты концерттер шеруі ұйымдастырылады. Соның аясында мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында бірнеше концерт көрсетіледі.

  • 12.00 - Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының "АБАЙ ӘЛЕМІ" концерті;
  • 16.00 - Әміре Қашаубаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті;
  • 20.00 - "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – АБАЙДЫҢ ХАЛҚЫ" концерті.

Сонымен қатар осы күні Мәдениет және спорт министрлігінің барлық платформасынан өңірлік концерттік ұйымдардың үздік видеожұмыстарымен де танысуға болады.

Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

  • Абай Құнанбайұлының шын есімі – Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;
  • Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";
  • Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
  • Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
  • Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
  • Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
  • Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
  • Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
  • Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
  • Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан.
466
Кілт сөздер:
мереке, Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (56)
Тақырып бойынша
Абайдың туған жерін көру үшін ағайынды жігіттер 46 күн жаяу жүрді
"Тойды жаназа үшін жасамайық": зиялы қауым өкілдері халыққа өтініш жасады
Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді
Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды
Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды – видео
Нұр-Сұлтан қаласының көрінісі

Қазақстанда 22 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

116
Sputnik Қазақстан 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

22 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Жиналыстың күн тәртібінде: егін жинау барысы мен тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері қаралады. Отырыстың тікелей трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube-тің ресми арнасынан және басқа да әлеуметтік желілерден көруге болады.

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам қатысушы компаниялар қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шаралар өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

116
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Жылжымайтын мүлік, ипотека

Қазақстанда 21 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

659
Sputnik Қазақстан 21 қыркүйек пен 1 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

21 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.30 – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы – "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (бұдан әрі – "ҚИК") мен Tengri Partners Investment Banking ұйымымен бірлесіп жүзеге асыратын, ипотекалық портфельді (тұрғын үй ипотекалық бағалы қағаздар) траншты секьюритизациялау бойынша Қазақстан тарихындағы жергілікті мәміленің тұсаукесері. Спикерлер, соның ішінде KIC басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов пен Tengri Partners Investment Banking басқармасының төрағасы Әнуар Үшбаев. Олар Қазақстанда қолданылатын ең жақсы әлемдік тәжірибе мен республикадағы секьюритилендірілген ипотекалық облигациялар нарығын дамытуға бастамашылық ететін мәміленің дайындалуы және құрылымы туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Байланыс телефондары: +7 (727) 344 12 22 (ішкі тел. 1263), +7 707 261 11 62).

11.00 – Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың онлайн брифингі. Брифинг "Адам саудасына қарсы іс-қимыл барысы туралы" тақырыбында өтеді.

23 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы онлайн корей кинофестивалі (@ kaz.korean.culture)

29 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Kazakhstan Security Systems2020 қазақстандық қауіпсіздік жүйесінің қауіпсіздігі бойынша онлайн конференция. Бағдарламаға аясында заманауи бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, банк және қаржы салаларындағы қауіпсіздік шаралары қамтылады. Конференцияға 50-ден астам қатысушы компаниялар қатысып, 18 онлайн іскерлік іс-шаралар өтеді. Қатысу тегін (kss-expo.kz сайтында тіркелу).

30 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ОҚИҒАЛАР

10.00 – Суретші Рустам Халфин туындыларының көрмесі. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (7273945715).

1 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Құрамында Нобель сыйлығының лауреаттары бар Central Asia Nobel Fest Live бірінші онлайн ғылыми фестивалі (тіркелу nobel-fest.inpolicy.net)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

659
Архивтегі фото

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті

0
Полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында біреудің көлігін айдап әкеткен азамат жол апатына ұшырады, деп хабарлады Polisia.kz.  

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 47 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1.00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткенін жеткізген.

Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген ұрланған көлік екенін анықтады.

Оқи отырыңыз: Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды 

Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан.

Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
Кілт сөздер:
ұрлық, көлік
Тақырып бойынша
Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Ұрланған ақшаға көлік алған: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды
Алматыда көлік айдап әкеткен қос ұры өлім аузынан қалды - фото
Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады