Аңдатпа

Қазақстанда 1 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневБайтерек, вид сверху
Байтерек, вид сверху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1 – 3 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы.

11.00 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

12.30 – Парламент сенатының отырысы. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: Сенат төрағасының орынбасарын сайлау туралы, депутаттардың ант қабылдауы туралы, сенаттың тұрақты комиссияларының саны мен атауы туралы, сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағаларын сайлау туралы, сенаттың тұрақты комитеттерінің мүшелерін сайлау туралы. Отырыс онлайн режимде палатаның www.parlam.kz сайтында көрсетіледі.

2 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI конгресі. Конгресте соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, ұйымның алдағы бес жылдағы жұмысының басым бағыттары айқындалады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында өтеді (Д.Қонаев көшесі, 4) және мына сілтеме бойынша онлайн режимде таратылады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: +7 701 254 63 59, +7 701 125 49 11, e-mail: evraziyatranscom@mail.ru, zenyamussabay@gmail.com).

20.00 – "Астана балет" өнер ұжымының ашық аспан астындағы концерті. Онлайн-көрсетілім www.youtube.com сілтемесінде.

3 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

17.00 – "Жеңіс диктанты" акциясы. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған елдерде бұл акция диктантпобеды.рф веб-сайтында қолжетімді. Қолданушылар 3 қыркүйектен бастап Мәскеу уақытымен сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты 17.00) бір ай бойы тест тапсыруына болады. Қосымша ақпарат алу үшін Россотрудничество өкілдіктеріне хабарласыңыз – толық мәлімет пен байланыс деректері rs.gov.ru сайтында.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0