аурухана

Астанада бір отбасының 4 баласы уланып қалды: дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты

279
(Жаңартылды 20:36 10.02.2019)
Екі бала ауруханадан шықты, қалған екеуі ем алып жатыр

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Астанада иіс тиіп, ауруханаға түскен балалардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. 

Төрт баланың екеуі қазіргі уақытта ауруханадан шығарылған. 

"Қалған екі баланы дәрігерлер тағы бір күн бақылауда ұстамақ. Олар әзірге ауруханада. Барлық қажетті емді алып жатыр", — деді тілшісіне Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева.

Қазіргі уақытта балалардың өміріне ешқандай қауіп жоқ, деді ол. 

Сенбі кешкісін Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде екі қабатты жатақханадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер он адамды эвакуациялап, бір баланы құтқарған. Бестен он екі жасқа дейінгі төрт бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. 

Өрттің шығуына электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. 

4 ақпанда Астанада Көктал-1 ауданындағы "времянкадан" өрт шығып, бір отбасының бес баласы қаза болды. Олар сол қаралы түні ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрттің бастапқы себебі — қауіпсіздік ережесін сақтамау.

279
Кілт сөздер:
балалар, өрт, Астана
Тақырып бойынша
Астанада тағы да бес бала тірідей өртеніп кете жаздады
Бес баланың өлімі: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін екені анықталды
Назарбаев өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты
Бес баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма - министр жауап берді
Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт – оқиға орнынан видео
"Туыстары түнде тексеріп кеткен": бес баланың өмірін қиған өрттің мән-жайы
Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды
Загрузка...