Астана әкімінің халыққа есеп беруі кездесуі

Астаналықтар қала тұрғынының қазақ тілі туралы сұрағына ду қол шапалақтады

3462
(Жаңартылды 12:37 20.02.2019)
Бақыт Сұлтанов мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру биліктің назарында екенін атап өтті

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Астана әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде елордалық тұрғын қазақ тілі туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен қазақ тілінің жанашыры ретінде сізге сұрақ қойғым келіп тұр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін сіздер қалай көтеріп жатырсыздар?", - деп сұрады елордалық тұрғын қала әкімінен.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов арнайы бағдарламалар қабылданғаны, бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.

"Сіздер білесіздер, бізде қағаздар екі тілде толтырылады. Әр дүйсенбі сайын әкімдіктің отырыстары мен жиындары қазақ тілінде жүргізіледі", - деді ол.

3462
Кілт сөздер:
Астана, Бақыт Сұлтанов, мемлекеттік тіл, қазақ тілі
Тақырып бойынша
"Қазақ тілінде ақпарат беруге міндетті". Сенатор Оғыз Доғанды жақтады
Астанада орыс сыныптары қазақ тілінде оқитын болады
Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды
Димаш Құдайберген Лондонда қазақ тілінде сұхбат берді
Загрузка...