Астанадағы үш күн, архив сурет

"Бес бірдей күн шықты": Астана халқы таңғажайып құбылыстың куәсі болды - видео

12271
(Жаңартылды 12:02 01.03.2019)
Бұл ерекше құбылысты ғалымдар "гало" деп атайды

Астана, 1 наурыз – Sputnik. Бүгін елордалықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода Астана көгінде бес күн шығып тұрғандай көрінеді.

"Бүгін таңғы сағат 10:00 Астана қаласында 5 бірдей күн шығып тұр!", - делінген әлеуметтік желідегі Qazaqstanda парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZAQSTAN🇰🇿DA (@qazaqstanda)

Сондай-ақ желі қолданушыларының бірі табиғаттың ерекше құбылысын суретке түсіріп үлгеріпті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mukhtar Holdorbekov (@mukhtar_holdorbekov)

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше құбылыстың "гало" деп аталатынын жарыса жазуда.

Қытайда ерекше құбылыс видеоға түсіп қалды

Гало – оптикалық құбылыс, Күн мен Айдың айналасында пайда болатын жарқыраған шеңбер. Ғалымдардың айтуынша, гало бұлттағы мұз кристалдарының шағылысуы нәтижесінде 5-10 километр биіктікте тропосфераның жоғарғы қабатында пайда болады. "Гало" құбылысы көбінесе қыста қатты аяз кезінде байқалады.

Аспандағы тылсым құбылыс Жапония халқын таңғалдырды

Айта кетсек, гало құбылысы Астанада бұған дейін де болған. 2019 жылдың 23 қаңтарында Sputnik Қазақстан фототілшісі Ақорданың айналасында шығып тұрған "үш күнді" суретке түсіріп алған еді.

12271
Кілт сөздер:
фото, видео, табиғи құбылыс, күн, Астана
Тақырып бойынша
Метеордың құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Үрейі ұшқан отбасы аязда жалаңаяқ далаға жүгірді – қорқынышты видео
Астананы тұман басты – видео
Айдың тұтылуы - онлайн-трансляция
2019 жылдағы күн мен айдың тұтылуы
Аурухана, архивтегі сурет

"Жала жабудың қажеті жоқ": дәрігер желіде тараған видео туралы айтты

1111
(Жаңартылды 10:19 08.07.2020)
Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Мекеменің бас дәрігері мән-жайды айтты

НҮР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Елордадағы аурухана маңында жатқан адам пневмония шалдыққан тұрғын емес, мас болған. Бұл туралы №2 аурухананың бас дәрігері айтты.

Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Ролик авторы науқастарды ауруханаға қабылдамағандықтан, далада жатуға тура келетінін айтқан. 

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев ғимарат алдында жатқан адам мөлшерден тыс ішімдік ішкенін мәлімдеді.

"Біріншіден, біз COVID-19 жұқтырғандарға арналған аурухана емеспіз. Бізге жедел жәрдем ондай пациенттерді әкелмейді. Екіншіден, видеодағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Ол кісіні белгісіз біреулер аурухана кіреберісіне жеткізген. Алайда мекеме қызметкерлеріне ескертпеген", - деді ол.

Оның айтуынша, қызметкерлер ер адамды ауруханаға кіргізген. Алайда ол мас болған және медицина қызметкерлерінің көмегінен ба тартқан. Мединалық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Көшеде арбада отырған екінші адам да мас болды. Ол да ауруханаға жатудан бас тартты. Туыстары алып кетті. Кейін тағы да мас күйінде ауруханаға алып келді. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. Ол алкогольмен уланды.

"Желіде жүрген арандатушы роликтерге сенбеуді сұраймыз. Жалған ақпаратты тарататын авторларға әлеуметтік жауапкершілік туралы ойланып, оны есте сақтағаны жөн. Дәрігер маман ретінде барлық қала тұрғындарының өмірін құтқарып жатырмыз. Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ", - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев.

 

1111
Отшашу, аривтегі сурет

Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді

7862
(Жаңартылды 14:33 07.07.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуға байланысты сынға жауап берді Мәдениет басқармасы отшашу арқылы коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдағысы келгенін хабарлады

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Елорда әкімдігі пандемияның қызған уақытында ұйымдастырылған отшашуға байланысты шағымданған астаналықтарға жауап берді.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деп атап өтті әкімдіктің мәдениет басқармасы. 

Алтыншы шілдеде астана күнін тойлау отшашумен аяқталды. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды. Әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтар осыған байланысты наразылық білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мәдениет басқармасы (@ns.madeniet)

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған отшашу COVID-19 инфекциясына байланысты ұйымдастырылған жоқ.

Ұлыбританияның патшайымы екінші Елизавета 2020 жылдың сәуірінде 94 жасқа толды. Ол коронавирусқа байланысты дәстүрлі отшашуды ұйымдастыруды орынсыз деп тапты.

7862
Кілт сөздер:
отшашу, коронавирус, әкімдік, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Министр Цой: тағы 110 адамның өлімін зерделеп жатырмыз
Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 
Желіде дүрбелең туғызды - дәрігер Малышева қазақстандықтарға жауап берді
Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады
Отшашу жасамақшы болған ақтөбелік саусағынан айырылды
Дәрігер, коронавирус

Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын Түркістан әкімі 

0
Коронавирус жұқтырған Түркістан қаласының әкімі желіде жазба жариялап, дәрігерлердің арқасында аман қалғанын айтты

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырған соң бірнеше ішкі ағзасының зақымданғанын хабарлады. Бұл жайында қала әкімі Facebook парақшасында жазды.  

"Осы екі апта ішінде дұғада болған әр адамның арқасында, Алланың қалауымен ел қатарына қайта оралу мүмкіндігі бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан қолынан келгенше қолдап, аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі ағза жұмысын тоқтатты, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын",- деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, коронавирусқа тапсырған кейінгі тест әлі де инфекцияның ағзадан кете қоймағанын көрсеткен. Соған қарамастан қала әкімі қызметіне кіріспек.

"Елге қызмет етуге қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарасын орындаймын. Дәл қазір жағдай ешкімге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін", - деп жазды Аюпов.

Сонымен қатар қала басшысы барлық сақтық шарасын орындау қажет екенін тағы да еске салды.

"Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру. Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық", - деп толықтырды Аюпов.

Сондай-ақ, жағдайға байланысты көмек қолын созуға мүмкіндігі бар кәсіпкерлерден байланысқа шығуын сұрады.

"Еліміздегі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық",- деді Аюпов.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді 

Айта кетейік, 22 маусымда Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Одан бөлек Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды.

8 шілдеде коронавирус табылған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиология орталығына жатқызылды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, әкім, Түркістан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Кім емдейді?": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты
Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видео туралы айтты