Елорда тынысы

Назарбаевтың тапсырмасы: Асқар Мамин Астана түбіндегі елді мекендерді аралады

© Photo : Пресс-служба премьер-министра КазахстанаАсқар Мамин
Асқар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша үкімет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласына жақын маңда орналасқан елді мекендерді аралады. Онда тұратын халықтың проблемалары қалай шешіліп жатқанын біліп, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Первое заседание правительства Аскара Мамина - Sputnik Қазақстан
Видео
Асқар Мамин басқаратын үкіметтің алғашқы отырысы бүгін қалай өтті – видео

Бірқатар тұрғын үй алабын аралау барысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шаралар қаралды. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және медициналық қызметтердің сапасына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жақсартуға, үздіксіз электрмен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ сумен жабдықтау мәселелеріне көңіл бөлінді.

"Пригородный" тұрғын үй алабын тексеру барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорданы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қаланың жекелеген аудандарын орталықпен біріктіретін, сондай-ақ жолаушыларға межелеген жерге аз уақыт ішінде жетуге мүмкіндік беретін жеңіл рельсті көлік жолын салу мәселесі қаралды. Осы аумақтарда саяжайларды бұзу барысы туралы баяндай отырып, бұл шаралар муниципалдық тұрғын үй құрылысына, соның ішінде көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін аумақты кеңейтуге жол ашатынын атап өтті.

Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Тексеру жұмыстары Қабанбай батыр орталық қала магистралінде жалғасты, онда даңғылды кеңейту перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, Мамин Астана қаласы мен Ақмола облысының шекарасында тұратын азаматтардың баспана жағдайларымен танысты. "Ильинка" тұрғын алабында дәрігер амбулаториясы мен №6 мектеп тексерілді.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин "Қараөткел" ауылын Астана қаласының аумағына беру, Қоянды кентін дамыту және Целиноград ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын іске асыру жөнінде баяндады. Мұнда халықты су деңгейінің көтерілуінен қорғау мақсатында бөгет салу және "Ильинка" кентінен шығыс жаққа қарай орналасқан жеке тұрғын үйге инженерлік желілер жүргізу мәселелері қаралды.

Асқар Мамин үкімет тізгінін қолға алды

Бұдан бөлек, "Байқоңыр" ауданындағы "Өндіріс" тұрғын үй алабы, 120 бала білім алатын балабақша – №12 бастауыш мектеп тексерілді. Премьер-министрге білім беру саласы туралы баяндалды. Осы ауданның инфрақұрылымын дамыту, бірқатар көшені кеңейту және инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазақстан премьер-министрі жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Астана, Ақмола облыстарының әкімдеріне және тиісті министрліктерге бірқатар нақты тапсырма берді.

Асқар Мамин туралы не білеміз?

Жаңалықтар
0