Астана

Астана көшелеріндегі күлкілі аудармалар - фото

3400
(Жаңартылды 19:12 15.03.2019)
Орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik, Дәурен Ерболат. Елорда көшелерінде ілінген жарнамалардағы қатеден көз сүрінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кейбір кәсіпкерлер мемлекеттік тілдегі жарнамаға, әрі оның мазмұнына пысқырып та қарамайтын сияқты. Себебі, орыс тілінен сауатсыз аударылған жарнамалардың дені жеке кәсіп иелеріне тиесілі.

Мысалы, кейбір жарнамаларда қазақ тілінің заңдылығы сақталмаған, кейбірінде грамматикалық қателер бар. Ал енді бірінде мәтін сөзбе-сөз аударылған. Оған қымсынып жатқан ешкім жоқ сияқты. Оны төмендегі суреттерден байқадық.

© Sputnik /
Ламинирование - "үлдірлеу"

"Ламинирование" сөзі қазақшаға "үлдірлеу" деп аударылған.

© Sputnik /
"Қызық кеңсе тауарлары"

"Необычные канцелярские товары" қазақша "қызық кеңсе тауарлары" деп тәржімаланыпты. Кәсіпкер осындай әдіспен клиентті көбірек тартқысы келсе керек.

© Sputnik /
Медициналық қызметтердің аудармасы
© Sputnik /
Медициналық мекеменің лозунгі

Республика даңғылы. Медициникалық клиника қандай қызметтер көрсететін жазып қойған. Қазақша аудармасын түсіну қиын. 

© Sputnik /
Жарнаманың "жарымжан" аудармасы

Мына аударманы түсініп көріңіз. 

© Sputnik /
"Түтіннен жасалған" кәуап

Республика даңғылының бойындағы мына дәмхана "көмір түтінен" кәуап пісіреді екен.

© Sputnik /
Несие берушілердің жарнамасы
© Sputnik /
Пәтер сату жарнамасы
© Sputnik /
"Жұмыс іздеп жүрсіңбе?"

Қаланың қақ ортасында тұрған билбордтар.

© Sputnik /
"Шырынды" күркетауық еті
© Sputnik /
"Шырынды" дәм

"Сочный" сөзінің аудармасы туралы не ойлайсыз?

© Sputnik /
Жылытқыштың жарнамасы

Компания нені жарнамалап жатқаны түсінікті. Бірақ қазақшасы көңіл көншітпейді. 

© Sputnik /
"Сенің жаныңдағы шығармашылық әлемі"

Еліміздегі ең ірі кітап дүкендерінің бірінің жарнамасы. Орысшасы жанға жағымды, бірақ қазақшасын түсіну қиын.

Лифтті пайдалану ережелері
© Sputnik /
Лифтті пайдалану ережелері

Астанадағы ең биік ғимараттардың біріндегі лифтіде тұрған ескертпе. Қазақша аудармасы еріксіз күлкіңізді келтіреді.

3400
Кілт сөздер:
фото, атаулар, жарнама, Астана
Тақырып бойынша
Целиноградтан Астанаға дейін: қала келбеті қалай өзгерді?
Q операциясы: Астана латын әліпбиіне қалай көшіп жатыр?
Загрузка...