Астана бейнесі

Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуге қанша ақша жұмсалады?

1151
(Жаңартылды 17:41 20.03.2019)
Парламент Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге бағытталған заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елорда атауын өзгертуге қанша теңге жұмсалатыны әзірге белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дәленовтің айтуынша, елорда атауын өзгертуге қанша ақша жұмсалатыны әлі белгісіз. 

"Есептеген жоқпыз, бірақ қолда бар ақшаның, бюджеттің шегінде деп ойлаймын", - деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Ол Астана атауын өзгертуге жұмсалатын қаржы сомасы кейін жеке хабарланатынын айтты.

"Түсінесіздер ме, атауды өзгерту бірден бола салатын дүние емес. Егер құжат, төлқұжат, маңдайшалардағы атауларды сұрап тұрсаңыздар, мұның бәрі жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады", - деді министр.

Айта кетсек, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге бағытталған, Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екі оқылымда да мақұлдады.

1151
Кілт сөздер:
ақша, Астана
Тақырып бойынша
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
14 облыста көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін
Мен өзімді баяғыдан Нұрсұлтан қаласының тұрғыны сезінемін – Бекболат Тілеухан
Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгерді
Загрузка...