Жеке куәліктер

Нұрсұлтандықтар құжаттарын қашаннан бастап ауыстыратыны белгілі болды

5596
(Жаңартылды 20:04 20.03.2019)
Әділет министрі Бекетаев Астана атауын өзгерту туралы ұсыныс республикалық референдумға неге шығарылмағанын түсіндірді

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев Астана атауын өзгерту туралы шешім неге референдумсыз қабылданғанын түсіндіріп, құжаттар мен маңдайша жазбалардың қашан ауысатыны туралы айтты.

"Референдумға шығаруды ұсындық"

Бекетаевтың сөзіне сүйенсек, Қазақстан Конституциясының 91-бабына сәйкес, елдің Ата заңына өзгертулер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізіледі. Ал референдум президенттің өз шешімімен немесе парламент пен үкіметтің ұсынысы бойынша жүргізіледі.

Бірақ Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы, президент парламенттің қарауына жіберуге шешім қабылдаса, республикалық референдумға жіберілмеуі мүмкін.

Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не дейді?

"Шындығында, 48-бап президенттің Конституцияға өзгерту енгізуге бастамашы болу құқығын шектейді, себебі ол сайланған президент емес, уақытша міндетін атқарушы. Бұл оның құқығын шектейді. Бірақ Конституция бұзылған жоқ, себебі бастаманы 91-ші бапқа сәйкес үкімет көтеріп отыр. Біз заң жобасын референдумда қарау туралы қаулыға дауыс бердік. Президент келіспеді де, заң жобасын парламентке жіберді. Себебі бұл заң жобасын референдумда да, парламентте де Конституцияда бекітілген нормаларды сақтай отырып қарауға болады", - деп атап өтті министр.

Астана қашан Нұрсұлтан болады?

Тілшілердің Астана бүгіннен бастап Нұрсұлтан болып өзгере ме деген сұрағына министр былай деп жауап берді: "Иә, бүгіннен бастап".

Нұрсұлтан тұрғындары қашан құжаттарын ауыстырады?

Әділет министрі мәлімдегендей, тұрғындар құжаттарын жарамдылық мерзімі біткеннен кейін ауыстыратын болады. Ал мекенжайлары автоматты түрде өзгереді.

Бекетаевтың сөзіне сүйенсек, көшедегі сілтемелер мен маңдайшалар өз уақытымен біртіндеп айырбасталады.

"Тарихта көптеген қаланың атауы өзгерді, бір түнде барлық атау мен маңдайшаны ауыстырып жібереміз деуге келмейді. Біртіндеп бәрі өзгеретін болады", - деп түсіндірді ол.

5596
Кілт сөздер:
Астана, Марат Бекетаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды
14 облыста көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін
Мен өзімді баяғыдан Нұрсұлтан қаласының тұрғыны сезінемін – Бекболат Тілеухан
Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгерді
Бәйтерек ғимараты

Астана күні - әкімдік жоспарланған шаралар тізімін жариялады

399
(Жаңартылды 17:13 01.07.2020)
Коронавирус пандемиясына қарамастан, қалада карантин шараларын сақтай отыра, бірқатар шара өтетіні айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Елорданың 22 жылдығына арналған бірқатар шара өтеді.

Астаналық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эпидемиологиялық жағдайға байланысты шараларды жабық ғимараттар мен концерт залдарында өткізуден бас тартылғанын айтты.

Астана күніне жоспарланған шаралар

3-4 шілде 19:00 -де танымал әншілердің қатысуымен "Құттық TIMES Astana" концерті өтеді. Мерекелік шара Есіл өзенінің жағасында өтеді. 

1-6 шілде 18:00-де "Нұрлы жолмен" атты көрме өтеді. "Нұржол" бульварында астананың қалыптасуының маңызды сәттері көрсетілген инсталляциялар қойылады. 

1-6 шілде 18:00-де орталық саябақта "Мерекелік сахна" мерекелік концерті өтеді. Көрермендер ашық аспан астында театрландырылған шоу бағдарлама тамашалап, балалар интерактивті ойындарға қатыса алады.

1, 5 және 6 шілдеде 15:00-19:00 аралығында саябақтар мен "Думанды Сарыарқа"скверлерінде шаралар ұйымдастырылады.

5-6 шілдеде 10:00-де Botanic Garden Eco Festival гүлдер жәрмеңкесі өтеді. Экобайқауда флористикалық авторлық жұмыстар көрсетіледі. Шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. 

5-6 шілдеде 11:00-21:00 "Отбасы мерекесі" фестивалі өтеді. Тұрғындар ашық аспан астындағы екі кинотеатрда фильмдер мен мультфильм көреді. Түрлі спорттық шаралар, велошеру ұйымдастырылады.

5-6 шілдеде 21:30-да Nur-Sultan autocinema festival өтеді. Елордада алғаш рет даладағы автокинотеатр ұйымдастырылады. 

1-7 шілдеде 19:00-23:00 аралығында ашық аспан астындағы KINO SPACE кинотеатры жұмыс істейді.  "Қыз Жібек", "Менің атым Қожа, "Наш милый доктор", "Алпамыс мектепке барады", "Путь Лидера", "Ақсақ құлан",  "Джон Уик", "Приключения Питера Пэна" және "Астерикс и Обеликс" фильмдерін тамашалай алады.

4, 5 және 6 шілдеде 10:00-де орталық саябақта ART CAMP граффити-фестиваль өтеді. 

5 және 6 шілдеде 19:30-де "АВТОФЕСТ" ретро көліктер фестивалі. 

6 шілдеде  - Қайрата Баекенов пен "Формат" тобының концерті.

6 шілде 20:00-де  "Хабар" және "Астана" телеарналарында "НҰР-СҰЛТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЖҮРЕГІ" гала-концерті көрсетіледі.

399
Кілт сөздер:
әкімдік, шілде, шаралар, күн, Астана
Тақырып бойынша
Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
Нұр-Сұлтанда ашық аспан астында кино көрсетілімі өтеді
Қазақстанда 2 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады
Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді
Автобустар жүрмейді: Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды
Алматыдағы модульдік инфекциялық аурухана

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар бойынша бірыңғай база құрылады

93
Алтай Көлгінов емханалардың бас дәрігерлері мен фармацевтикалық компания  басшыларымен өткен онлайн-кездесуде ауру белгілері бар науқастарды ауруханаға жатқызуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов медициналық мекемелердің жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді.

Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында пациенттермен кері байланысты күшейту қажеттігін хабарлады. Бұдан бөлек, әрбір симптомсыз науқасты бақылауда ұстау керек.

"Егер ауру белгілері анықталса, науқастар ауруханаға жатқызылады. Симптомсыз тасымалдаушылар өзін-өзі оқшаулауы керек. Сыртқа шығуға болмайды. Барлық зертхана, емхана және стационарлардың базасын бірыңғай базаға біріктіру керек. Мысалы, науқастың ПТР-тесті оң нәтиже көрсетсе, дерек ол тіркелген емханаға тікелей түседі. Әрі қарай дәрігер алгоритмге сәйкес науқаспен жұмыс істейді", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, қала әкімі тұрғындар жедел жәрдем шақыра алатын телеграм-боттың (@ns103bot) және call-орталықтың сапалы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Ахуал орталығы жұмысын күшейтеді. Науқастар топталып қалмау үшін қызметкерлер КВИ бар науқастарды стационарларға таратады", - деді ол.

Көлгінов фармкомпанияларға қысқа мерзімде қаланың дәріханаларына медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін шешу қажеттігін айтты.

93
Кілт сөздер:
коронавирус, Алтай Көлгінов
Коронавирус, вакцина

Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

0
Вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресейде коронавирустың вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің жағдайы жақсы, деп хабарлады РИА Новости әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді. 18 маусымда екі компонентті вакцинаның біреуі салынған еріктілердің бірінші тобында ешкім денсаулығына шағым жасаған жоқ. Елеулі жағымсыз құбылыстар да тіркелген жоқ.

Ал 23 маусымда вакцинаның бірінші бөлігі егілгенжәне содан 21 күн өткен соң қорытындысына қарай вакцинаның екіншісі компоненті салынатын екінші топтың құрамындағыларда өзін жақсы сезінеді. Асқыну мен жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

0