Бақыт Сұлтанов елордамен шекаралас аумақтарды тiкұшақпен аралады

Сұлтанов тікұшаққа отырды: Нұр-Сұлтанды су басуы мүмкін

121
Елордада су басу қаупі бар 34 аумақ анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі су басу қаупі бар аумақтарды тiкұшақпен аралады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, 34 аумақты су басуы мүмкін.

"Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 34 аумақ анықталды. Әрбір аумақ бойынша жұмыс түрлері, қажетті материалдың көлемі анықталып, жауапты орындаушылар белгіленді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдар департаменті су тасқанын алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тіпті, бүгін, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов ҚР ІІМ министрінің орынбасары Юрий Ильин, ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Марғұлан Аманбаев тікұшаққа мініп, су басу қаупі бар аумақтарды аралаған.  

"Аумақты тікұшақпен аралау барысында Майбалық көлі, Вячеславское су қоймасы ауданы, Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендеріндегі қар және ылғал қорының ауқымы нақтыланды. Бұл жұмыстар Вячеслав су қоймасы және астаналық су бақылау реттегішінде су ағынын алдын ала есептеуге, әрі жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазсушар" мемлекеттік мекемесіне су тасқынына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Сонымен қатар әкімдік су тасқыны кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілгенін, әрі төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты көшіру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленгенін атап өтті.

"Зардап шеккен халықты уақытша орналастыратын жерлер анықталды. Олар теміржол вокзалы, сапаржай, мектептердің спорт залдары сияқты нысандарға, қонақ үйлер мен жатақханаларда орналастырылады. Сондай-ақ су тасқыны кезінде пайдалануға болатын 73 ЖЭП бар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қалалық әкімдік табиғи апат кезінде қаланың коммуналдық қызметтері мен ішкі істер органдарының автокөліктері және инженерлік техникасының жеке құрамында 663 адам, 191 бірлік техника, оның ішінде 2 бірлік ПНС-110, 14 жүзу құралдары, 67 мотопомпа, 1 тікұшақ бар екенін хабарлады.

121
Кілт сөздер:
Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан, су тасқыны
Тақырып бойынша
Жапониядағы алапат су тасқыны: 8 адам өліп, 50 адам із-түзсіз жоғалды
Елбасы Шри-Ланкадағы су тасқынынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Үндістанда су тасқынынан 324 адам опат болды - видео
Атбасарда су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаржыны шенеуніктер қымқырған
Петропавлда су тасқынынан кейін қираған көпір қалпына келтірілді
Загрузка...