Нұр-Сұлтанның келбеті

Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады

13619
(Жаңартылды 09:40 31.03.2019)
Елордалық кәсіпкер құрылысшылардың салғырттығы мен тұрғындардың мәдениетсіздігін әшкереледі

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанның тұрғыны әлеуметтік желілерде қарапайым жұрттың көзіне түсе бермейтін көпқабатты үйлердің суреттерін жариялады.  

 Жас кәсіпкер клинингтік (тазалау) қызмет көрсетеді. Ол жұмыс барысында Нұр-Сұлтанның көптеген тұрғыны тазалық сақтамайтынын көзбен көріп жүр.

15 наурызда астаналық еден жуушылардың еңбегін сыйламайтын шылымқорларға ескерту жасады.

 Ол қаладағы көпқабатты үйдің ортақ балконында түсірілген лас еденнің суретін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asset Begaliyev (@assetbegaliyev)

 "Суреттен не көріп тұрсыздар? Көгеріп кеткенге ұқсайды, иә. Дегенмен олай емес, бұл балконда темекі тартатындардың түкірігі. Ал неге қара дейсіз ғой? Өйткені күйе. Елорданың жарты жыл қысында бұл адамдар аяғының астына түкіріп келген. Түкірік күйемен араласып, еденде қатып, осындай "әсем" көрініс пайда болған", - деп жазды ол.  

Қала тұрғыны сондай-ақ сапасыз құрылыстың бірнеше суретін көрсетті.

 Фотосуреттерде Нұр-Сұлтанның элиталы көпқабатты үйлерінің бірінің жерасты паркингі бейнеленген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asset Begaliyev (@assetbegaliyev)

 "Ірі құрылыс корпорациясын ашып, шыны пен тастан әдемі көп қабатты үй сала аласыз. Дегенмен сапалы тұрғын үй салуды білмейсіз немесе салғыңыз келмейді, әйтпесе миллиардтаған ақша таба алмайсыз", - деп ашынды ол.

Сондай-ақ астаналық жігіт үйлердің кіреберістерінде шатырдан су сорғалап тұрғанын суретке түсіріп алыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asset Begaliyev (@assetbegaliyev)

Оның пікірінше, не қала тұрғындары, не қалалық әкімшілік Қазақстанның елордасы өз мәртебесіне сәйкес болуы үшін тиісті жұмыс жүргізбей отыр.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asset Begaliyev (@assetbegaliyev)

13619
Кілт сөздер:
сурет, тазалық, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Астана іргесіндегі "аты жоқ" ауылда резеңке етік "сәнге" айналып тұр
Астанада ірі супермаркеттің жертөлесіндегі сұмдықтың беті ашылды
Бақыт Сұлтанов Астанада қар жаууына байланысты тексеріс жүргізді
Жәрмеңке

Қызылорда және Ақтөбе облыстары елордаға 540 тонна азық-түлік әкеледі

297
Жәрмеңкеге келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік әкеледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

19 және 20 қыркүйекте "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоп пен қант неге қымбаттағанын түсіндірді 

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон і, 5 тонна алкогольсіз сусындар және тағы басқа өнімдерді сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады ("Айс" ЖШС, "Агрофирма Тау" ЖШС, "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "Ақтөбе-нан" ЖШС, "Айбек" ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, "Степное" ЖШС, "Рокос" ЖШС, "Изет ГринХаус" ЖШС және "Гринхаус Қазақстан" ЖШС жылыжай көкөністері, "Мир круп" тұзы, "Жаңажол" күріш, "Сырмаржаны", "Байқоңыр" Агрохолдингі", "Наймир", "Байқоңыр" ӘКК).

Келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.

297
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, жәрмеңке
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
"Екі есе қымбаттады": алматылықтар қандай өнімдерді жаппай сатып алып жатыр
Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 
Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді
Ақша, теңге

Нұр-Сұлтанда 1 миллион теңге алатындар саны артады 

529
(Жаңартылды 10:27 16.09.2020)
Тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрын тізімде толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асырап отырған отбасылар болса, қазір тізімге тұрмысы төмен адамдар санатының бәрін қосамыз. Оның ішінде жетім балалар да қамтылады", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады. Сол жерде тиісті құжат қабылданады деген жоспар  бар. 

"Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 миллион теңге. Оларды "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қолдануға да болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Осылайша, бұған дейінгі тізімге басқа санаттар да кіретін болатын. Олар:

  • жетім балалар;
  • I және II топ мүгедектері;
  • зейнеткерлер;
  • ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
  • мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  • экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар;
  • бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар.
529
Кілт сөздер:
үйлер, теңге, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ