Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қаласында жолдарды сусабынмен жуып жатыр видео

111
Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, дейді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жолдарды сусабынмен жуа бастады, деп хабарлайды елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

"Бүгін Елорданың жол тазалау қызметінде жаңа әдісті қолдануды бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – жолдың үстіне арналған сусабынмен жуа бастады", - деп хабарлады қала басшысы Facebook парақшасында.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл құралды қолдану асфальтты тайғаққа қарсы материал қалдықтарынан, ескірген жапқыштардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартады, себебі жай ғана сумен мұндай кірді кетіру мүмкін емес.

"Бұл шампуньді коммуналдық қызметтердің пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, өйткені жол шампунь қоршаған ортаға зиянсыз", - деп сендірді елорда әкімі.

Сұлтанов сөз соңында коммуналдық қызметтердің алдында көп жұмыс барын, көшелер қажет болса күн сайын тазартылатынын атап өтті.

111
Кілт сөздер:
жолдар, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
"Тегін тамақ, тегін жолақы" Сұлтанов жаңа әлеуметтік пакет жайлы айтты
"Күні кеше бір бала табылды" Сұлтанов астаналықтарды сақ болуға шақырды
Біз астаналық болып қала береміз – Сұлтанов елордалықтарға үндеу жасады
Қайда қарап отырсыңдар – Бақыт Сұлтанов қаланы тазартуды тапсырды
Сұлтанов тікұшаққа отырды: Нұр-Сұлтанды су басуы мүмкін
Загрузка...