Елорда тынысы

"Қырыңмен жүресің" Нұр-Сұлтанның тұрғындары өз өмірі үшін алаңдап отыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан орталығындағы астаң-кестеңі шыққан үйдің тұрғындары біреу мертігіп қала ма деген үреймен өмір сүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан орталығынан ипотекаға пәтер рәсімдеген тұрғындар баспанасына кіріп-шыға алмай жүр.

Нысан 2018 жылы тапсырылуы керек болған. Бірақ кешеннің құрылысы әлі бітпеген. Баспанаға "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы "Самұрық-Қазына"жылжымайтын мүлік қоры ақша бөлген, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Құрылыс, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада салымшылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" басып кірді
Тұрғындардың басым бөлігі пәтерлерді ипотекалық несиемен алған. Сол жағалау болғандықтан, бағасы да арзан емес. Олар басапқыда-ақ құрылыс жұмыстарына көңіліміз толмап еді дейді. Инвестор "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры болған соң, сенім артып, қаржы салған. Бірақ құрылыс бітер емес. Үйдің кіреберісінен бастап, шаң, түтін, ластан аяқ алып жүру мұң. Үй өткен жылы қазан айында пайдалануға берілуі тиіс еді.  

"Подъезд лас, кіру мүмкін емес, қырыңмен жүресің. Лифтің есігі жабылмайды. Лифтен шығу үшің өзің итеруің керек. Аулада баланы ойнатайық десек, қараңыз, мынандай қоқыс", - деп ашуланды "Самұрық towers" тұрғын үй кешені тұрғыны Анар Романова.

Құрылыс кәсіпорны үйді биыл мамыр айында бітіріп береміз деп уәде берген. Алайда, тұрғындар осымен төрт рет шегерілген мерзімді күтпей, пәтерлерге қоныстанып алған. Кейбіреулер тіпті келісім-шартты бір жақты бұзып, баспанадан бас тартқан.   

 "15-ші үй осы айдың аяғына дейін тапсырылады. Онда үстіңгі қабаттарда пәтерлер дайын. Астыңғы 12-қабаттан төмен қарай екінші қабатқа дейін пәтерлер 80-90 пайызға дайын. Кейбір пәтерлерде ламинат қана жоқ, ламинат болса, плинтус жоқ. Олар 1-2 апта көлемінде жасалып бітетін жұмыстар", - дейді "TM ENGINEERING GROUP" ЖШС бас директоры Алмас Жолдықұлов.   

 

Астанада құлаған коттедж - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада құрылысы бітпей құлаған коттедждің заңсыз салынып жатқаны анықталды
Наразы тұрғындарды тыңдауға үйдің құрылысына қаржы салған "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының өкілі де келді. Жағдайды бақылауға алып, біреу-міреу зардап шегіп жатса, жауапкершілік құрылыс компаниясына артылатынын ескертті.

Арқаны кеңге салып, еркін өмір сүру қазіргі бұл үйдің тұрғындарына бұйырмай тұр. Халық мердігерлер уәде еткен мерзімді де күтуге әзір. Ол күнге дейін астаң-кестеңі шыққан үйдің аймағында біреу мертігіп қала ма деген үрей басым.

Жаңалықтар
0