Архивтегі сурет

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда полицейлерді ұстады

5192
(Жаңартылды 11:06 15.04.2019)
Кантурин мен Әзімхан 10 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда полицейлерді ұстағанын хабарлады.

"2018 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті лауазымын асыра пайдаланып, героин өткізуге қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантурин мен ПД тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты М. Әзімханның заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті", - деп жазылған хабарламада.

2019 жылғы 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Кантурин және М. Әзімхан ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ М. Кантурин қосымша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі, 361-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 10 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.   

5192
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, есірткі
Тақырып бойынша
Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК
Шымкенттіктерді үрейде ұстаған қылмыстық топ арнайы операция кезінде ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазгидромет басшылығын ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында полицейді ұстады
ҰҚК Қызылорда облысы полиция департаментінің лауазымды қызметкерін ұстады
Загрузка...