Lexus

Нұр-Сұлтан тұрғыны қымбат көліктерді жалға алып, сатып жіберген

253
(Жаңартылды 16:00 08.05.2019)
Елордалық полиция бірқатар алаяқтық жасаған ер адамды ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында қымбат көліктерді жалға алып, сатып жіберген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды елордалық полиция департаменті.

Жедел іздеу шарасы барысында криминалдық полиция алаяқтықпен көлік сатты деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған адам әзірше үш алаяқтығын мойындады.

Тағы оқыңыз: Алаяқ жігіт 19 қыздың басын айналдырып, алдап кетті

Тергеу кезінде күдіктінің қымбат көліктерді жалға алып, кейін нарықтағы бағадан төмендетіп, сатып жібергені анықталды. Осылайша ол Lexus, Toyota Camry көліктерін сатқан, Қостанай қаласында Nissan Qashqai көлігін өткізіпті.

Алаяқ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, оның бұрын осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осы адамның алаяқтығынан зардап шеккен азаматтар Бейбітшілік көшесі,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне барып немесе 8 (7172) 71-60-24,71-61-07 және "102" нөмірлері хабарласа алады.

Елорда полициясы, көлік сатып алған кезде алаяқтықтан сақтануды ескертті.

253
Кілт сөздер:
полиция, алаяқтық, Нұр-Сұлтан
Загрузка...