Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

184
(Жаңартылды 10:32 22.05.2019)
Байқаудың бас жүлдесін №8 "Думан" балабақшасының тәрбиешісі Әсия Жұмағұлова жеңіп алды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Елордада мектепке дейінгі ұйымдар арасында "Үздік педагог – 2019"  республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.  

Конкурс рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашыл, дарынды педагогтарды анықтау үшін өткізіліп келеді.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы қазылар алқасына "Менің педагогикалық ұстанымым" атты презентация ұсынды, сондай-ақ педагогикалық жағдайды шешу жолдарын тапты.

Байқау қорытындысына сәйкес, бас жүлдені №8 "Думан" балабақшасының тәрбиешісі Әсия Жұмағұлова алды. Бірінші орынды №81 "Әсемгүл" балабақшасының тәрбиешісі Жанагүл Аймұханова, екінші орынды №11 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі Аманжол Нағашыбай иеленді. Үшінші орынға №33 балабақша тәрбиешісі Салтанат Аршкенова ие болды. Сонымен қатар, "Зерттеуші педагог" номинациясы бойынша №28 "Жұлдыз" ясли-бақшасының тәрбиешісі Элмира Ратқул, №46 "Самал" ясли-бақшасының тәрбиешісі Роза Таласова "Жаңашыл педагог", №47 "Ақ желкен" ясли-бақшасының тәрбиешісі Ләззат Базарова, №85 "Мейіржан" ясли-бақшасының тәрбиешісі Гүлмира Абенова "Эрудит-педагог"  аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім басқармасының дипломдар, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақылар табысталды.

184
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, тәрбиеші
Тақырып бойынша
"Аяқ киіммен бір қойды" Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші істі болып жатыр
Мәжіліс депутаты мұғалімнің жалақысы қанша болуы керектігін айтты
Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған – видео
Министр жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің жалақысы қалай өсетінін түсіндірді
Фуа-гра, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген

24
(Жаңартылды 10:22 13.08.2020)
Тексеру кезінде Ерімбетов көшесіндегі "Шашлык" және "Белый дом" кафелері карантин шараларына қарамастан жұмыс істегені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. 5 шілдеден бастап елордада 722 заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр. Тексеру кезінде 11 тамыз күні түнде Ерімбетов көшесінде "Шашлык" және "Белый дом" кафелері жұмыс істегені анықталды. Карантин шараларына қарамастан, мекемелер келушілерді қабылдаған.

Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған мобильді топ келген кезде мекемеде 11 клиент болды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды 

Сондай-ақ Балқантау көшесіндегі "Кентау", Сарыарқа даңғылындағы "Асқар" дүкендері түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп, бас санитар дәрігердің шешімін бұзған.

Сонымен қатар, күндізгі тексеру кезінде Достық көшесіндегі "Карима" мейрамханасында келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жалға алушылардан балалар автокөліктерін жалдауға және елордалық саябақтардың бірінде балмұздақ сатуға қатысты заңбұзушылықтар анықталды.

"Барлық заң бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. 5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 722 заңбұзушылық тіркелді, олардың 487-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

24
Кілт сөздер:
карантин, мейрамханалар
Тақырып бойынша
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 3 нысан жабылды
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Нұр-Сұлтандағы карантин

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма әкім жауап берді

2002
(Жаңартылды 19:42 12.08.2020)
Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы мәлімдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатаң карантинге қайта оралмау үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған.

"Уақытында қолға алынған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң динамика бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы айтады", - деді Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Осы орайда қала басшысы төтенше жағдайдан кейінгі қателікті қайталамау қажеттігін жеткізді. Ол кезде барлығы босаңсып кеткен. Санитарлық ережелерді сақтамаған. Соның салдарынан қатаң карантин енгізуге тура келді. Осы жолы сақ болмасақ, жағдай қайталануы мүмкін, дейді Көлгінов.

"Бірінші карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе қатаң карантин қайтарылуы мүмкін екенін талай рет айттық. Ақырында солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар толып кетті. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Медицина мамандарына үлкен салмақ түсті", - деп атап өтті елорда әкімі.  

Оның айтуынша, алдындағы карантинге қарағанда осы жолы кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережелерді жақсы сақтап жүр. Ендігі мақсат – карантиннің нәтижесін сақтап қалу. Сондай-ақ, күзге дайындалу қажет. 

"Біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - дейді қала басшысы.

2002
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
Семейліктер көшеге шықты – қала билігінің жауабы қандай
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді
Бала, аривтегі фото

Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты

2
Қазақстанда кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдері қазақ тіліне аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал шетелдік мультарналарды қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы вице-министр Болат Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен руханияттың өзегі – тіл мәселесіне қатысты бастамалар қарастырылып жатыр.

"Мәселен, елімізде кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз. Әрине, кез келген тілдің ертеңі – бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты танымал шетелдік мультарналардан бастау керек деген ұсыныс бар", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, осы іспетті бастамалардың барлығы қоғамдық талқылаудан өтеді. Сол кезде зиялы қауым, сарапшылар мен ата-аналардың пікірі ескеріледі.

"Таңданыспен қарайды": Тоқаев қазақ тілінің мүшкіл хәлі туралы айта бермеуге шақырды 

Айта кетейік, брифинг кезінде вице-министр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бағдарламаны басқарудың институтционалдық негізі қаланды, барлық өңірде жобалық кеңселер ашылды. Сөйтіп, әр жердің ерекшелігіне қарай мазмұндық жоспарлар жасалды. Дегенмен, іс-шараларды өткізу кезінде науқаншылыққа да жол берілді.

"Жасыратыны жоқ, кейбір жерлерде есеп беру мен науқаншылық сияқты үрдістер болған. Ол жайында мемлекеттік комиссияның отырысында да айтылды. Нәтижесінде өңірлердегі барлық шараға қайта талдау жасалып, рухани жаңғыруға мүлдем қатысы жоқ, мағынасы саяз, мақсаты сұйық көптеген шара алынып тасталды. Мәселен, былтырғы жоспарда 229 шара көзделген болса, биыл барлығы – 97", - деп түйіндеді Тілепов.

2
Кілт сөздер:
рухани жаңғыру, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді
"Кім жауап береді?": депутат қазақ тілінің мәселесін көтерді
"Бұл қорлау емес": Бекболат Тілеухан мәжілістегі әріптестерінің қылығына күйініп кетті
Карантинде қазақ тілін үйренуге арналған қосымшаны қолданушылар саны артты