Есіл өзені, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда қайда шомылуға рұқсат етілген  

108
Редиссон қонақ үйінің маңындағы жағажайда, "Три пескаря" және "Күйген Жар" демалыс орындарында ғана шомылуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғындардың шомылуына арналған орындар анықталды. Құтқарушылар шомылу маусымына дайын, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, қала аймағындағы барлық 15 су қоймасы тексерілді. Тек үшеуі ғана жүзуге жарамды деп танылды, қалғандары өмірге қауіпті. 

"Нұра-Есіл" каналында шомылып жүрген 4 бала суға батып кетті

Қаланың ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Эльдор Райымбековтың мәліметінше, Нұра-Есіл арнасы, Есіл өзенінің ағыны, сонымен қатар Ақбұлақ және Сарыбұлақ  өзендерінің ағыны жүзуге жарамсыз саналады. Қаладағы су бұрқақтары да шомылуға арналмаған.

Редиссон қонақ үйінің маңындағы орталық қалалық жағажайда, сонымен қатар "Три пескаря" және "Күйген Жар" демалыс орындарында ғана шомылуға рұқсат етілген.

"Рұқсат етілмеген жерлерге тыйым белгілерін, ақпараттық стендтер орнатамыз. Статистика бойынша қайғылы жағдайлар дәл осы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде тіркеледі", - деді Эльдор Райымбеков.

Балалардың қатысты қайғылы жағдайлардың санын азайту  үшін жазғы демалыстың алдында қаланың барлық мектебінде құтқарушылар жаттығу-сабақтар мен дәрістер өткізеді.

"Тек рұқсат етілген орындарда шомылуды, су қоймаларының жанында баланы қараусыз қалдырмауды, су қоймаларының маңында демалған кезде спирттік ішімдік қолданбауды, сонымен қатар, балықшылардан балық аулау кезінде құтқару жилетін киюді сұраймыз", – деп түйіндеді Райымбеков.

108
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, шомылу маусымы
Тақырып бойынша
Қазақстанның бірнеше өңірінде суға кеткен адамдар іздестірілуде
Қыста суға түсетін адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады – дәрігерден кеңес
Суда шомылып жүрген 46 жастағы әйелге акула шабуыл жасады
Кілем жуып жатып суға кетті: әйелдің денесі төрт күннен соң табылған
Елорда тұрғыны иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп ажал құшты
Медицина қызметкерлері

Нұр-Сұлтанда 11 тамыздан бастап емханалар жұмыс істейді

188
(Жаңартылды 20:02 10.08.2020)
Коронавирус мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 11 тамыздан бастап қалалық емханалар жұмысына кіріседі. Бұл жайында елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

"№1 және №2 қалалық балалар ауруханасы тамыз айының басынан бастап бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Ертеңнен бастап қалалық емханалар жоспарлы қабылдауды қайта жалғастырады", - деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.

Сонымен қатар қала әкімі індетті жұқтыру қаупі жойылды деп айтуға әлі ерте екенін, инфекцияны тоқтату үшін сақтық шаралары мен санитарлық нормаларды барынша сақтау қажет екенін айтты.

"Біз карантиннен кейінгіэ пидемиологиялық жағдайдың қалай боларына талдау жасадық. Болжамға сәйкес жағдай бірден жақсарып кетпейді", - деді әкім.

ОРВИ маусымын ескерсек, жылдағыдай медициналық мекемелерге ауыртпалық түседі. Қазірдің өзінде дайындық жүргізіліп жатыр, деп толықтырды Көлгінов. 

Айтуынша, емхана, ауруханаларға қосымша көмек көрсетілді. 600-ден астам флуометр, 500-ге жуық оттегі концентраторы, 500-ге жуық арнайы төсек-орын, жасанды таныс алу және КТ аппараттары алынды. Алдағы уақытта жедел жәрдем көліктері мен екі апта ішінде қалаға 110 тоннадан астам дәрі жеткізіледі. 

"Қажет болған жағдайда төсек-орын барлық 16 инфекциялық стационарда қайта ашылады. Спорттық ғимараттармен басқа да бірқатар нысан кез келген сәтте орын әзірлей алады", - дейді Көлгінов.

Сондай-ақ, елорда әкімі тұрғындардың бірінші карантиннен кейін санитарлық нормаларды сақтамағанын, соның кесірінен індетке шалдыққандар саны күрт өскенін айтты. Дәрігерлер мен медициналық ұйымдар мүмкіндігінше барын салып жұмыс істеді. Карантин шаралары ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді, деп толықтырды ол.

Инфекциялық стационарлардағы төсек-орынға сұраныс шілденің басынан бастап 99%-тен 18,5%-ке дейін төмендеді. 16 стационардың бесеуі жабылды. Оларда болған барлық науқас жазылып шықты. Коронавирус мәселелері бойынша жедел жәрдем шақыру саны 9,5 есеге жуық төмендеп, тәулігіне 500-ден 53-ке дейін азайды. Стационарларда пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе қысқарды.

 

188
Кілт сөздер:
коронавирус, тамыз, емхана, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті
Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды
Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады
"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Оқушылар, архивтегі фото

Көлгінов былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп салуға уәде берді

31
Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді мекендерде салынып жатыр, деп мәлімдеді елорда басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов осы жылы 12 мектеп салынатынын хабарлады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Көлгінов Instagram парақшасында елорда әкімдігінің алдында мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құру міндеті тұрғанын мәлімдеді.

"Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім нысандары әсіресе халық көп шоғырланған елді мекендерде салынып жатыр", - деді әкім.

Көлгінов бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салынып жатыр. Мектеп аумағы кеңейтілмек.

"Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны – 12", - деп атап өтті елорда басшысы.

Ұлы Дала мен №39 көше қиылысындағы 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда - 2400) білім ордасы 2021 жылы пайдалануға беріледі. Мектеп құрылысына жеке инвестордың қаражаты жұмсалады.

31
Кілт сөздер:
мектеп, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
Шенеуніктер оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырды
Аймағамбетов оқушылардың мектепке қай кезде баратынын айтты  
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0