Пәтер кілті

"Берекелі баспана" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

1456
(Жаңартылды 16:08 05.06.2019)
Бағдарламаға "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар қатыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында "Берекелі баспана" жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы құжат қабылдайды, деп хабарлады Елорда Инфо Тұрғын үй қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бағдарламаға "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санатында тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар қатыса алады.

Пәтер саны: 150.

Тұрғын үй түрі: жекешелендіруге құқы жоқ.

Құжаттарды қабылдау: 4 маусымнан 17 маусымға дейін.

Қойылатын талап: "Көпбалалы отбасы" санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Құжат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ-де (Р.Қошқарбаев даңғылы, 39)  қабылданады.

Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 3 мың ұстаз бен дәрігерге пәтер беріледі 

Тұрғын үйге үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:

  • өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
  • неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
  • өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
  • Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (2011 жылдың 15 желтоқсанынан бастап тұрған кезектегілер) әлеуметтік қорғау органынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 3,1 есе мөлшерін растайтын жиынтық табыстың есебін беретін анықтамасы (Достық көшесі, 13-үй, №11 үстел).

Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға "Берекелі баспана" қалалық бағдарламасы аясында пәтер берілетінін жазған болатынбыз.

 

1456
Кілт сөздер:
баспана, Күміс алқа, Алтын алқа, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Рамазандағы игі іс: Түркістанда көпбалалы отбасыға пәтер берілді
Айына – 6 мың теңге: көпбалалы отбасыларға арналған арендалық үй туралы не білу керек?
Бай мемлекетте кедейлер болмау керек – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы
Мәжіліс депутаттары зейнетақыны бір реттік төлеммен беруді сұрап отыр
"7-20-25" автокредиті берілмейтін болды – Ұлттық банк
Елордада көпбалалы отбасыларға берілетін арендалық үй: шарттары қандай?
Загрузка...