Алтай Көлгінов

Көлгіновтің әкім қызметіндегі бірінші демалысы қалай өтті

623
Сенбі күні елордадағы жылу электр орталығының жұмысымен танысқан әкім бүгін жедел жәрдем станциясына барды

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының басшысы Алтай Көлгінов жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, дәрігерлерді медицина саласы қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады.

Елорда әкімінің айтуынша, қалада 20 мыңнан астам дәрігер қызмет етеді. Олардың бір мыңы жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді.

"Станцияда қажетті жағдайдың барлығы бар. Жақында тағы қосымша 52 жедел жәрдем көлігі пайдалануға беріледі.  Мұндағы дәрігерлер жылына 800 мың, күніне 2000-нан аса адамға қызмет көрсетіп отыр. Бұл айтарлықтай салмақ, үлкен еңбек", - деп жазды Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол барша медицина саласының қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

15 маусым, сенбі күні қала әкімі 2-ші жылу электр орталығының жұмысымен танысып, алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылаған болатын.

Тағы оқыңыз: Президент Көлгіновті не үшін елорда әкімі етіп тағайындады?

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі етіп тағайындады.

623
Кілт сөздер:
демалыс, әкім, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
Елорданың жаңа әкімі: Көлгіновтің алған білімі мен атқарған қызметтері
Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды
Бақыт Сұлтанов әкім болған 9 айдың ішінде не істеп үлгерді
Нұр-Сұлтан халқы жаңа әкімге тікелей хабарласа алады
Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?
Аурухана, архивтегі сурет

"Жала жабудың қажеті жоқ": дәрігер желіде тараған видео туралы айтты

1181
(Жаңартылды 10:19 08.07.2020)
Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Мекеменің бас дәрігері мән-жайды айтты

НҮР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Елордадағы аурухана маңында жатқан адам пневмония шалдыққан тұрғын емес, мас болған. Бұл туралы №2 аурухананың бас дәрігері айтты.

Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Ролик авторы науқастарды ауруханаға қабылдамағандықтан, далада жатуға тура келетінін айтқан. 

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев ғимарат алдында жатқан адам мөлшерден тыс ішімдік ішкенін мәлімдеді.

"Біріншіден, біз COVID-19 жұқтырғандарға арналған аурухана емеспіз. Бізге жедел жәрдем ондай пациенттерді әкелмейді. Екіншіден, видеодағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Ол кісіні белгісіз біреулер аурухана кіреберісіне жеткізген. Алайда мекеме қызметкерлеріне ескертпеген", - деді ол.

Оның айтуынша, қызметкерлер ер адамды ауруханаға кіргізген. Алайда ол мас болған және медицина қызметкерлерінің көмегінен ба тартқан. Мединалық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Көшеде арбада отырған екінші адам да мас болды. Ол да ауруханаға жатудан бас тартты. Туыстары алып кетті. Кейін тағы да мас күйінде ауруханаға алып келді. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. Ол алкогольмен уланды.

"Желіде жүрген арандатушы роликтерге сенбеуді сұраймыз. Жалған ақпаратты тарататын авторларға әлеуметтік жауапкершілік туралы ойланып, оны есте сақтағаны жөн. Дәрігер маман ретінде барлық қала тұрғындарының өмірін құтқарып жатырмыз. Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ", - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев.

 

1181
Отшашу, аривтегі сурет

Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді

8026
(Жаңартылды 14:33 07.07.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуға байланысты сынға жауап берді Мәдениет басқармасы отшашу арқылы коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдағысы келгенін хабарлады

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Елорда әкімдігі пандемияның қызған уақытында ұйымдастырылған отшашуға байланысты шағымданған астаналықтарға жауап берді.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деп атап өтті әкімдіктің мәдениет басқармасы. 

Алтыншы шілдеде астана күнін тойлау отшашумен аяқталды. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды. Әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтар осыған байланысты наразылық білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мәдениет басқармасы (@ns.madeniet)

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған отшашу COVID-19 инфекциясына байланысты ұйымдастырылған жоқ.

Ұлыбританияның патшайымы екінші Елизавета 2020 жылдың сәуірінде 94 жасқа толды. Ол коронавирусқа байланысты дәстүрлі отшашуды ұйымдастыруды орынсыз деп тапты.

8026
Кілт сөздер:
отшашу, коронавирус, әкімдік, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Министр Цой: тағы 110 адамның өлімін зерделеп жатырмыз
Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 
Желіде дүрбелең туғызды - дәрігер Малышева қазақстандықтарға жауап берді
Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады
Отшашу жасамақшы болған ақтөбелік саусағынан айырылды
Гүл, архивтегі фото

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

0
(Жаңартылды 14:00 09.07.2020)
Дүйсекеев 1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев 74 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаралы хабарды растап, композитордың неден қайтыс болғаны анықталып жатқанын жеткізді.  

Кеңес Дүйсекеев туралы не білеміз

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Пірімов ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды.

1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша", "Халық – талант қайнары", "Шабыт", "Жастарға арналған музыкалық кештер", "Музыка әлемінде" секілді теледидарға арналған бағдарламалар шығарылды.

1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадиокомитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

1997 жылы "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Кеңес Дүйсекеев "Толғау" симфониясының, "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының, "О, дүние" кантатасының, "Жыл мезгілдері" романстар циклінің, "Мәди", "Аққу Жібек" мюзиклінің, "Алдар көсе" опереттасының және 200-ге тарта әннің авторы.

Композитор 1994 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

2005 жылы Дүйсекеевке "Құрмет" ордені, 2014 жылы "Парасат" ордені берілді.

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды 

0
Кілт сөздер:
композитор
Тақырып бойынша
Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова қайтыс болды
Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты
"Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Хамит Санбаев дүниеден озды
Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады: белгілі ғалым дүниеден өтті