Есіл

Нұр-Сұлтанда 42 қабаттық екі мұнарасы бар көпір салынады - фото

336
Лондон сәулет бюросы жобалаған көпір Қазақстан елордасындағы Триатлон саябағы мен "Жетісу" саябағының арасын жалғауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінде 42 қабаттық қос мұнарасы бар алып көпір салынбақ. Triathlon Towers жобасы – тұрғын үй кешені орналасқан ірі құрылыс, деп мәлімет берді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.

Жаңа көпір Триатлон саябағы мен "Жетісу" саябағының арасын жалғауы мүмкін. Жобаның авторы - BENOY LTD компаниясына тиесілі Лондон сәулет бюросы.

"Triathlon Towers биіктігі – 42 қабат. Бұл – пәтерлер, қонақүй, кеңселер мен көлік тұрағы бар көпфункциялы тұрғын үй кешені. Қала құрылысы кеңесінде жоба жөнінде алдын ала келісім жасалды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда атлетика орталығы ашылады

Сәулет басқармасы атап өткендей, көпір өзеннің екі жағасын "жаяу жүргіншілер, көлік және велосипед жолдары арқылы байланыстырып, Есіл өзені жағасындағы жаңа су вокзалына айналады".

Бұдан бұрын Урбанистика орталығы хабарлағандай, елордада жаңа көпірлер салу жоспарланған.

336
Кілт сөздер:
көпір, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан қаласында ішімдік сатуға шек қою ұсынылды
Нұр-Сұлтан қаласында жолдарды сусабынмен жуып жатыр – видео
Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін ауыстырды
Нұр-Сұлтан халқы жаңа әкімге тікелей хабарласа алады
Загрузка...