Қазақстанның туы

Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды

203
(Жаңартылды 16:11 05.07.2019)
Қазақстанда 6 шілдеде Елорда күні аталып өтеді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласына 21 жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

"Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Президенттің айтуынша, бұл аға ұрпақтың жастарға зор үміт артатынын көрсетеді. Осы орайда Тоқаев Елбасының бас қаланы салудағы еңбегін атап өтті.

Торжественная церемония подъема государственного флага в честь Дня столицы
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ту көтеру рәсімінде

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы - елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Бас қаламыз - "бір ел, бір халық" болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. ЮНЕСКО ұйымы елордамызды "бейбітшілік қаласы" деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл - ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымақ бірлігінің арқасы. Біз қаланың беделін одан әрі арттыра береміз", - деді Тоқаев.

Торжественная церемония подъема государственного флага в честь Дня столицы
© Sputnik / Абзал Калиев.
Мемлекеттік туды көтеру Елорда күнін тойлаудың басталғанын білдіреді

Тағы оқыңыз: Елорда күні туралы не білеміз?

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтарды тапсырды.

"Бүгін - сіздер үшін өте маңызды, ешқашан ұмтылмайтын күн. Барлығыңызға офицер шені беріледі. Әскери оқу орындарында алған білімдеріңізді отанымыздың тәуелсіздігін сақтауға жұмсайтын кез келді. Нағыз сардар елдің мықты қорғаны болуы тиіс", - деді ол.

Үш күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

  • Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы
    Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда күніне арналған салтанатты ту көтеру рәсіміне қатысты
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Жители  Казахстана, архивное фото
    Салтанатты рәсімге жиналған халық
    © Sputnik / Абзал Калиев.
  • Әскери курсанттар
    Военные курсанты на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы
    © Sputnik / Абзал Калиев.
1 / 3
© Sputnik / Абзал Калиев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда күніне арналған салтанатты ту көтеру рәсіміне қатысты

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген 27 курсантқа әскери шендер мен атақтар тапсырды.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на торжественной церемонии подъема государственного флага в честь Дня столицы с военными курсантами
© Sputnik / Абзал Калиев.
Президент жас курсанттардың ортасында

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

203
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, елорда
Загрузка...