Пәтердің кілті

Аузын жауып, жүзігін шешіп алған: Түнде Нұр-Сұлтан тұрғынын тонап кетті

238
Бұрын адам тонағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы қала тұрғыны қолға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлер тұрғын үйдің ауласында адам тонады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі сағат түнгі 01.00-дің шамасында болғанын хабарлады. Жәбірленуші үйге кіреберісте сөмкесінен кілтін алмақшы болғанда, артқы жақтан белгісіз ер адам келіп, аузын жауып, алтын жүзігін шешіп алған. Сонымен қатар сөмкесі мен жеке мүліктерін қолды еткен.

"Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қолға түскен  күдікті 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол бұрын да адам тонағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп жазылған хабарламада.

Айғақ заттар тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Белгілі актер жұрттың көзінше дүкенді тонап кетті – видео

Полиция қызметкерлері оның бұрын жасалған осы тәріздес қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

238
Кілт сөздер:
жүзік, Нұр-Сұлтан, тонаушылар
Тақырып бойынша
Алматы облысында қарақшы 20 мың теңгеге бола баланы пышақтап кетті
Алматылық әйел 6 жыл қызмет еткен үй иесіне тонаушыларды айдап салды
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Нұр-Сұлтанда үй қызметшісі бұрынғы жұмыс берушісін тонап кетті
Загрузка...