Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан әкімі тағы бір орынбасарын тағайындады

902
Алтай Көлгіновтің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде - Sputnik. Елорда әкімдігінің аппараттық кеңесінде әкім Алтай Көлгінов кадрлық ауыс-түйіс туралы айтты. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек қызметінен босатылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан басшысының өкімімен Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол салынып бітпеген тұрғын үйлер үлескерлерінің проблемасы, елорданы абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қар күреу мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау да жаңа орынбасардың қарауында болмақ.

Тағы оқыңыз: Тұяқбаев Сағынтаевтың орынбасары болды

Алтынбек Қайсағалиев туралы не білеміз

Алтынбек Қайсағалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "құрылысшы" мамандығы бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Бат университетінің менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Алтынбек Қайсағалиев

Әр жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы, Nur Otan партиясы орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз: Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болды

902
Кілт сөздер:
әкім орынбасары, Нұр-Сұлтан, Алтай Көлгінов
Тақырып бойынша
Павлодарға жаңа әкім тағайындалды
Бақытжан Сағынтаев тағы бір жауапты қызмет атқаратын болды
Nur Otan партиясында бірқатар ауыс-түйіс жасалды
Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды
"Ақымақтарға түсіндіре алмайсың": Мұхамедиұлы қанша жалақы алатынын ашық айтты
Орындаушыдан бастық көп - Көлігіновтің неге көңілі толмады?
Теңге, ақша

Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

1725
(Жаңартылды 16:57 05.08.2020)
Жаңа үйдің тұрғындарына бір ғана электр жарығы үшін әрқайсына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Қала тұрғыны Наталья Бондаренконың айтуынша, жарықтың есептеуіш құралы істемейді.

"Таяуда электр желісі компаниясының өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер деді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді", - деп ашынды ол.

Айтуынша, суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағатын көрінеді. Реттеп отырған адам жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Үйдің қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейтіндерін айтты.

"Біз жауапкершіліктен қашып отырған жоқпыз. Кемшіліктерді түзетеміз. Абаттандыру мәселесінің бәрі ертең 100 пайыз шешіледі. Ертең өзім осы жерде боламын", - деп уәде берді компания басшысы Бекзат Пашаев.

Қалалық тұрғын үй қорының өкілі есептеуіш құралдары болғанмен, пәтер иелері коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығынын өтеуге міндетті екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады 

"Олар осы күнге дейін келісімшартсыз тұрды. Бірақ суды, энергияны қолданып келеді. Осы күнге дейінгі қарыздарын төлеуге міндетті. Яғни, төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен басталады", - деп түсіндірді қалалық "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әрқайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр.

1725
Кілт сөздер:
қарыз, электр энергиясы
Тақырып бойынша
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды
Автобустардағы тексеріс

Нұр-Сұлтанда автобус қашан жүретіні белгілі болды

1738
Елорда тұрғындарының өтініші бойынша қалада қоғамдық көліктер қайтадан қатынай бастайды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер дүйсенбіден бастап жүреді. 

"Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша автобустар қозғалысын 3 тамыздан бастап жандандырамыз. Тек қалалық бағдарлар іске қосылады, каламаңы автобустары қатынамайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде.

Қоғамдық көлікке маскасыз мінуге тыйым салынады. Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын рейд жүргізіп, жүргізушілер мен жолаушылардың бетперде режимін сақтауын тексереді. Ал жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады.  

Автобусқа тек алдыңғы есіктен мінуге болады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. 

Әкім автобус жүргізушілері коронавируспен күреске айтарлықтай үлес қосып жатқанын айтты – пандемия кезінде олар медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасыды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады 

Алтай Көлгінов сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерін келе жатқан Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады.

Ол қала тұрғындарының жаңа бағыттар ашу жайлы тілегі ескеріліп, елорда автопаркін жаңарту үшін 100 электр автобус сатып алынып, тапсырылғанын атап өтті.    

1738
Кілт сөздер:
автобус, қоғамдық көлік, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда жаңа шектеу шаралары енгізілді
Қазақстанда тағы бір облыста карантин күшейтілді 
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді
Мұнай бұрғылау қондырғысы мен ОПЕК таңбасы

Қазақстанның ОПЕК+ келісімі аясында қалай жұмыс істеп жатқаны айтылды

0
Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан келісім міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдаған

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындап жатыр. Келісімге сәйкес, Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,319 миллион баррельді құрайды. Бұл жайында энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, шілде айында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 1,313 миллион баррель немесе міндеттемелердің 101%-ін құрады.

Министрліктің хабарлауынша, республика келісімнің міндеттемелерін орындағаны туралы деректерді ОПЕК+ хатшылығына жолдады.

Айта кетейік, Қазақстан сәуір айында ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілдесінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісім бойынша жаңа міндеттемелерге қосылды.

"ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныспен ұсыныс теңгерімін және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймаларда мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін энергетика министрлігі орта, ірі және алып кен орындарында өндірісті шектеу туралы шешім қабылдаған болатын", - делінген ақпаратта.

Мәмілеге қатысу арқасында нарықтың барлық қатысушысы мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Бұл әлемдік мұнай саласына оң әсеретті, деп толықтырды ведомство.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы төмендеуінің себебі айтылды

0
Кілт сөздер:
мұнай бағасы, мұнай
Тақырып бойынша
"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Ноғаев: ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ
Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды – министр
"Мұнай дәуірінің" аяқталып келе жатқаны рас па
Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты