Астана LRT құрылысы, архивтегі сурет

Тоқаевтың тапсырмасы: Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы қашан аяқталады

161
Құрылыстың осы уақытқа дейін бітпеуіне Астана банкіндегі қаржының бұғатталуы себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек астанадағы LRT құрылысы бойынша қандай тапсырма берілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, осы аптада Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бойынша мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде қаралатын мәселелердің бірі – жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) аяқтау.

"Иә, жобаның құрылысы созылып кетті. Проблемасы анық. Астана банкінде қаржы болған, оны бұғаттап тастады. Қазір қала әкімдігі осы ақшаны қайтарғалы жатыр. 80 миллиард теңгеден астам қаражат бұғатталып тұр. Осыған байланысты LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын. Президенттің тапсырмасы - нысанның құрылысын аяқтау", - деді Қасымбек үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мемлекеттік комиссияның отырысында қала әкімдігі LRT-ның құрылысын аяқтау жолдарын ұсынатын болады. Жоспар бойынша бұл нысан келесі жылдың аяғына дейін салынып бітеді.

Тағы оқыңыз: Автопарктердің табысы өскен: Нұр-Сұлтанда бір жылда не өзгерді?

Өткен аптадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы LRT-ның құрылысын сынға алған еді. Ол үкімет пен елорда әкімдігіне осы мәселеге нүкте қоюды тапсырып, жобаны ұсынған тұлғалардың жауап беруін талап етті. Мемлекет басшының айтуынша, осыған қатысты парламент депутаттары да өз пікірін білдіруі қажет.

Айта кетейік, LRT - Нұр-Сұлтанда салынып жатқан жеңіл рельсті көлік жүйесі. Ол Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен "Нұрлы жол" темір жол вокзалын байланыстыруы тиіс.

161
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұр-Сұлтан, Астана LRT
Тақырып бойынша
Тоқаев Нұр-Сұлтанның жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді
Қаржы министрі "ЛРТ" құрылысына қосымша қаржы қайдан тартылатынын айтты
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Теңге, ақша

Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

2
Жаңа үйдің тұрғындарына бір ғана электр жарығы үшін әрқайсына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Қала тұрғыны Наталья Бондаренконың айтуынша, жарықтың есептеуіш құралы істемейді.

"Таяуда электр желісі компаниясының өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер деді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді", - деп ашынды ол.

Айтуынша, суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағатын көрінеді. Реттеп отырған адам жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Үйдің қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейтіндерін айтты.

"Біз жауапкершіліктен қашып отырған жоқпыз. Кемшіліктерді түзетеміз. Абаттандыру мәселесінің бәрі ертең 100 пайыз шешіледі. Ертең өзім осы жерде боламын", - деп уәде берді компания басшысы Бекзат Пашаев.

Қалалық тұрғын үй қорының өкілі есептеуіш құралдары болғанмен, пәтер иелері коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығынын өтеуге міндетті екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады 

"Олар осы күнге дейін келісімшартсыз тұрды. Бірақ суды, энергияны қолданып келеді. Осы күнге дейінгі қарыздарын төлеуге міндетті. Яғни, төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен басталады", - деп түсіндірді қалалық "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әрқайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр.

2
Кілт сөздер:
қарыз, электр энергиясы
Тақырып бойынша
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды
Автобустардағы тексеріс

Нұр-Сұлтанда автобус қашан жүретіні белгілі болды

1737
Елорда тұрғындарының өтініші бойынша қалада қоғамдық көліктер қайтадан қатынай бастайды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер дүйсенбіден бастап жүреді. 

"Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтініші бойынша автобустар қозғалысын 3 тамыздан бастап жандандырамыз. Тек қалалық бағдарлар іске қосылады, каламаңы автобустары қатынамайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде.

Қоғамдық көлікке маскасыз мінуге тыйым салынады. Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын рейд жүргізіп, жүргізушілер мен жолаушылардың бетперде режимін сақтауын тексереді. Ал жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз кіргізуге қатаң тыйым салынады.  

Автобусқа тек алдыңғы есіктен мінуге болады. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. 

Әкім автобус жүргізушілері коронавируспен күреске айтарлықтай үлес қосып жатқанын айтты – пандемия кезінде олар медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасыды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады 

Алтай Көлгінов сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерін келе жатқан Көлік қызметкерлері күнімен құттықтады.

Ол қала тұрғындарының жаңа бағыттар ашу жайлы тілегі ескеріліп, елорда автопаркін жаңарту үшін 100 электр автобус сатып алынып, тапсырылғанын атап өтті.    

1737
Кілт сөздер:
автобус, қоғамдық көлік, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда жаңа шектеу шаралары енгізілді
Қазақстанда тағы бір облыста карантин күшейтілді 
Алматыда бетперде таққан автобус пайда болды - фото
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді