Алтай Көлгінов, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтандағы оқыс оқиғадан кейін Көлгінов мәлімдеме жасады

2076
Елорданың сол жағалауында "Астана-Опера" театрының жанында құрылыс краны құлаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанында кран құлауына байланысты елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеме жасады.

"Елордада жылдың қай мезгілінде болмасын құрылыс қарқынды жүріп жатады. Қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігін ұмытпау керек. Қалада салынып жатқан нысандардың бірінде кран құлады, абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Құзырлы органдарға қауіпсіздік ережелерін қатаңдатуды тапсырдым", - деп жазды Көлгінов Твиттердегі парақшасында.

​Айта кетсек, астанада кеше таңғы сағат 09.24-те "Сенсата Парк" тұрғын үй кешенінде жүк көтеріп жатқан кран құлаған. Құрылыс нысанын "Sensata Construction" кәсіпорны салып жатыр.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кранда отырған адам ішінен шығып үлгеріпті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда 32-ші қабаттан салбырап тұрған қыз жұртты шошытты - фото

Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында "Астана Опера" театры мен "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан.

2076
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы да бас көтерді - видео
Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында күтпеген жағдай болды: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді
Тоқаев Нұр-Сұлтандағы аса қымбат жобаны сынға алды
Полиция Нұр-Сұлтанда тыр жалаңаш серуендеген тұрғынды ұстады – видео
Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады
Базар, сатып алушылар, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда базарлар мен сауда орталықтары жабылады

3063
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәливаның жаңа қаулысы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның сауда нысандарында дезинфекция жүргізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенбі, 25 қыркүйек, сағат 15.00-ден 26 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін бірқатар нысан қызметін уақытша тоқтатады:

  • "Шапағат" коммуналдық базары,
  • "Сары-Арқа" көтерме-бөлшек сауда орталығы,
  • "Астаналық базар" (С. Сейфуллин көшесі, 47),
  • "Жаннұр" СОСО (Абай даңғылы, 48),
  • "Тұлпар" СОСО (Ш.Уәлиханов даңғылы, 24),
  • "Әлем" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 62),
  • "Әсем" СОСО ( Ы. Дүкенұлы көшесі, 31),
  • "Гарант" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 73),
  • "Джафар" СОСО (Бөгенбай батыр даңғылы, 71),
  • "Есіл" СОСО (Республика даңғылы, 6),
  • "Седьмой континент" бизнес орталығы (Кенесары көшесі, 40),
  • Magnum Cash&Carry гипермаркеті (Ш. Уәлиханов көшесі, 20).

Бұл нысандарда дезинфекция жүргізіледі.

3063
Кілт сөздер:
сауда орталықтары, Нұр-Сұлтан, базар
Базар, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда тағы екі базар салынады әкім жобасын көрсетті

94
Жаңадан салынатын жылыжайлар мен базарлар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда аумағында тағы екі базар салынады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қаладағы жылыжайлар мен азық-түлік базарын көбейтеміз. Бүгінгі өткен инвестициялық кеңес жылыжай кешені мен екі базардың құрылысын қолдады. Атқарылып жатқан бұл жұмыстар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Елордада оң және сол жағалауларды жалғайтын екі көпір салынады 

Сондай-ақ, инвестициялық кеңесте темірбетонды бұйымдар, гиперпресстелген кірпіш, ағаш өнімдері мен жарықдиодты жарықшамдар шығару сияқты жобалар қолдау тапты.

"Бұл материалдардың барлығы да құрылыста қолданылады. Құрылыс қарқынын ескерсек, отандық өндіріс материалдары салынып жатқан объектілердің өзіндік құнын төмендетуге көмегін тигізеді", - дейді Көлгінов.

Кеңес мүшелері бірқатар медицина мекемелерінің құрылысы мен  медициналық маска шығаратын өндіріс жобасын қолдады.

94
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, базар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылады
Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады
"Қайта жөндейсіздер": Көлгінов жол салушыларға ескерту жасады
2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады
Нұр-Сұлтанда крематорий салынады
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

0
Жиырма бес адам әуе апатынан қаза тапты, бортта болған тағы екі әскери қызметкер ауыр жарақат алды, оларды күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан кем дегенде 25 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Бортта 28 адам – әскери ұшқыштар мен курсанттар болған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде болған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

"Ұшақ жерге құлап түскеннен кейін өртеніп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша Ан-26 бортында 28 адам – әскери ұшқыштар мен И.Кожедуб атындағы Харьков әуе күштері ұлттық университетінің курсанттары болған. Ұшақ апатынан 25 адам қаза болды. Екеуін күйік шалды", - деді елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі.

Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

Ан-26 апатының мән-жайы мен себебін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

"Сенбі күні Украина мемлекетінің басшысы Владимир Зеленский Харьков облысына келеді", - деп хабарлады президент кеңсесі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аз уақыт бұрын ұшақтың бір қозғалтқышы істен шыққан.

0
Кілт сөздер:
әскери қызметкер, ұшақ апаты, Украина
Тақырып бойынша
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Алматы - Қостанай рейсінің жолаушысы ұшақ бортында көз жұмды
Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағының жолаушылары жанжал шығарды - видео
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді