Бақтияр Мәкен

Аналармен жанжалдасқан әкім орынбасары енді не істейтінін айтты

4555
Бақтияр Мәкен 47 620 адам баспана кезегінде тұрғанын, оларды айналып, пәтер тарататын болса, заңға қарсы келетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен неліктен көпбалалы аналармен жанжалдасып қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.     

"Шыдамның да шегі бар. Бірақ эмоция тек осы видеода ғана емес. Ондай эмоция бұған дейін де көп болды. Маған қатысты, мемлекеттік қызметеркерлерге қатысты, жалпы шенеуніктерге қатысты. Енді эмоциямды ұстауға тырысамын", - деді Бақтияр Мәкен журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда әкімнің орынбасары сол күні жиналыста болған көпбалалы аналардың баспана мәселесін қалай шешуді жоспарлап отырғанын да айтты.

"Мен тек сол белсенді аналарға ғана пәтер алып берейін отырған жоқпын. Бүгінде мүлдем тұратын жері жоқ адамдар да бар. Енді біз меценаттарға өтініш жасап, осы адамдарға көмек беруді сұраймыз. Бірақ мемлекет заңсыз жолмен пәтер бере алмайды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 47 620 адам баспана кезегінде тұр. Біз оларды айналып, пәтер тарататын болсақ, дұрыс емес қой. Сондықтан бәрін заң аясында ғана жасауым қажет", - деп атап көрсетті Мәкен. 

Айта кетейік, елорда әкімі орынбасарының көпбалалы аналармен кездесуінен түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Онда Мәкен қалада ешқандай пәтердің жоқ екенін айтады, бұған ашуланған аналардың бірі бөтелке лақтырып, "өзіме қол жұмсаймын" деп айғайлайды. Осы кезде шенеунік те қызбалыққа салынып, ауыр сөздер айтып, аналармен жұмыс істеуден бас тартады. Видеоны мына жерден көруге болады. 

4555
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, әкім орынбасары, видео
Тақырып бойынша
"Әр нәрсенің соңы болады": Ғабидолла Әбдірахымов отставкасына қатысты пікір білдірді
Қызметін дұрыс атқармаған әкімдер сыйақыcын қайтарды
Қол астындағы қызметкерлерді ұрып-соғатын аудан басшысы ауруханаға түсті
Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан
Аурухана, архивтегі сурет

"Жала жабудың қажеті жоқ": дәрігер желіде тараған видео туралы айтты

1234
(Жаңартылды 10:19 08.07.2020)
Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Мекеменің бас дәрігері мән-жайды айтты

НҮР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Елордадағы аурухана маңында жатқан адам пневмония шалдыққан тұрғын емес, мас болған. Бұл туралы №2 аурухананың бас дәрігері айтты.

Әлеуметтік желілерде астанадағы аурухана маңында жатқан адамның видеосы тарап кетті. Ролик авторы науқастарды ауруханаға қабылдамағандықтан, далада жатуға тура келетінін айтқан. 

Бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев ғимарат алдында жатқан адам мөлшерден тыс ішімдік ішкенін мәлімдеді.

"Біріншіден, біз COVID-19 жұқтырғандарға арналған аурухана емеспіз. Бізге жедел жәрдем ондай пациенттерді әкелмейді. Екіншіден, видеодағы ер адамның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Ол кісіні белгісіз біреулер аурухана кіреберісіне жеткізген. Алайда мекеме қызметкерлеріне ескертпеген", - деді ол.

Оның айтуынша, қызметкерлер ер адамды ауруханаға кіргізген. Алайда ол мас болған және медицина қызметкерлерінің көмегінен ба тартқан. Мединалық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Көшеде арбада отырған екінші адам да мас болды. Ол да ауруханаға жатудан бас тартты. Туыстары алып кетті. Кейін тағы да мас күйінде ауруханаға алып келді. Қазір оған көмек көрсетіліп жатыр. Ол алкогольмен уланды.

"Желіде жүрген арандатушы роликтерге сенбеуді сұраймыз. Жалған ақпаратты тарататын авторларға әлеуметтік жауапкершілік туралы ойланып, оны есте сақтағаны жөн. Дәрігер маман ретінде барлық қала тұрғындарының өмірін құтқарып жатырмыз. Бізге бекер жала жабудың қажеті жоқ", - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Нұрбол Тұрсынбаев.

 

1234
Отшашу, аривтегі сурет

Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді

8294
(Жаңартылды 14:33 07.07.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуға байланысты сынға жауап берді Мәдениет басқармасы отшашу арқылы коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдағысы келгенін хабарлады

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Елорда әкімдігі пандемияның қызған уақытында ұйымдастырылған отшашуға байланысты шағымданған астаналықтарға жауап берді.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деп атап өтті әкімдіктің мәдениет басқармасы. 

Алтыншы шілдеде астана күнін тойлау отшашумен аяқталды. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды. Әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтар осыған байланысты наразылық білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мәдениет басқармасы (@ns.madeniet)

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған отшашу COVID-19 инфекциясына байланысты ұйымдастырылған жоқ.

Ұлыбританияның патшайымы екінші Елизавета 2020 жылдың сәуірінде 94 жасқа толды. Ол коронавирусқа байланысты дәстүрлі отшашуды ұйымдастыруды орынсыз деп тапты.

8294
Кілт сөздер:
отшашу, коронавирус, әкімдік, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Министр Цой: тағы 110 адамның өлімін зерделеп жатырмыз
Үш айға жететін дәрі-дәрмекті бір аптада сатып алды – облыс әкімі 
Желіде дүрбелең туғызды - дәрігер Малышева қазақстандықтарға жауап берді
Министр коронавирустан емделетіндердің басты қателігін атады
Отшашу жасамақшы болған ақтөбелік саусағынан айырылды

Дәріні ұшақпен қалай тасымалдау керек - видео

0
Бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кейбір медициналық препараттарды табу қиын. Алыпсатарлар да көбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik,Арман Асқар. Туған-туысқанына көмектесеміз деген қарапайым адамдар бір қаладан тауып алған дәріні басқа қалаға беріп жіберуге тырысады. Әуежайға барып, жолаушыларға жалынады. Sputnik Қазақстан тілшісі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда болып, дәрі-дәрмекті тасымалдау тәртібін біліп қайтты. Жолаушылардың өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қатысты ойын да сұрады. 

Ұшаққа қалай кіргізеді

Әуежайдың тексеру қызметінің бастығы Серікбол Сәдуақасовтың айтуынша, әрбір жолаушы тек өзіне қажетті дәріні ғана ұстап жүре алады. Өзге біреудің медициналық препараттарын тасымалдауға болмайды. Жолжүкте артық дәрілер анықталса, әуежай қызметкерлері хаттама толтырып, препараттарды қоймаға апарып қояды. Оны хаттаманың көшірмесімен 30 күннің ішінде алып кетуге мүмкіндік бар.  

"Негізі, медициналық препараттарды аз мөлшерде ғана алып жүруге болады. Ол адамның қолжүгінде болуы керек және нақтылануы керек. Яғни, дәрігердің нұсқауы болуы шарт. Рецептпен бірге ұстайды. Сосын "обезболивающий" дейміз ғой. Сондай препараттар аз мөлшерде, бір-екі таблетканы өткізуге болады", - дейді Сәдуақасов. 

Жеткізіп беруге дайынбыз

Жолаушылардың көбісі ережені білмейді. Бірақ өзге біреудің дәрісін жеткізіп беруге қарсы емес.

"Адамдар ауырып жатыр. Оларға көмектесу керек. Ал бір жағынан қарағанда, қазір әр түрлі махинациялар жасап жатыр ғой. Дәрілерді қымбатқа сатуда. Бәлкім, контрабанда жасайтын шығар. Оны білмейміз ғой. Негізі, көмектескен дұрыс. Бірақ оны адамдар емес, мемлекет істеу керек қой", - дейді олар.

Сұхбат берген жолаушылардың басым бөлігі дәріні жеткізіп беруге келісті. Дегенмен, шұғыл пошта қызметін қолдануға кеңес бергендер де болды.

Дәрі-дәрмек тапшылығы қашан шешіледі

Халыққа үндеу жасаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бүгінде медициналық препараттарды сертификаттау, жеткізу және сатып алу  жеңілдетілді. Осының арқасында қажетті дәрі-дәрмекті ауруханалар мен дәріханаларға дер кезінде жеткізуге мүмкіндік бар.

Қазірдің өзінде стационарлар үшін шамамен 30 мың науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70 процентке көп. Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар түсіп жатыр. Парацетамолдың 800 мың қаптамасы жеткізілді. Осы аптаның аяғына дейін тағы 900 мың қаптаманы әкеледі. Ал антибиотиктердің 150 мың қаптамасы дәріханалар желісіне тапсырылды. 

Мемлекет басшысы халықты дүрбелеңге салынып, дәріні артығымен алмауға үндеді. Себебі одан тапшылық басталады.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, видео, дәрі, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады
Дәрігер дене қызуы көтеріле бастағанда не істеу керектігін айтты
Айнұр Тұрсынбаева желіде жазба жариялады - басы дауға қалған компания жауабы
Пневмониясы барларға қалай дұрыс жату керек – пульмонолог кеңесі
Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді