Алексей Чумаков на концерте памяти Батырхана Шукенова в Астане

Нұр-Сұлтанда концерт берген ресейлік әншінің басы дауға қалды

1643
(Жаңартылды 14:22 05.10.2019)
Ең қымбат билетті сатып алған көрермендерге артқы қатарлардан сахна алдына жиналған адамдар кедергі келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Белгілі ресейлік әнші Алексей Чумаковтың Нұр-Сұлтанда өткен концертінен кейін он адам билеттің ақшасын қайтарып беруді талап еткен. Бұл туралы әртіс Instagram-дағы парақшасында жазды.

Чумаковтың концерті екі мыңнан аса көрермен сиятын "Конгресс-орталықта" өтті.

Шоудан кейін ең қымбат билеттерді сатып алған көрермендер шу шығарған. Қонақтардың айтуынша, концерт басталғаннан кейін 40 минуттан соң, артқы қатарда отырған адамдар сахна маңына жиналып, билей бастаған.

Алексей Чумаков сахна жанында билеген адамдардың кесірінен концертті дұрыс тамашалай алмаған тыңдармандарынан кешірім сұрады. Ол мұндай залда фан-зона құру мүмкін емес екенін түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Жанар Хамитовамен дуэт орындаған әнші оның соңғы өтінішін айтты

"Концертті алдыңғы қатардан көргіңіз келетінін түсінемін. Сол үшін ақша төлейсіздер. Бірақ мен бізге барынша жақын болуды қалаған мыңдаған адамға тосқауыл бола алмаймын. Мен әр көрерменіме көңіл бөлгім келеді, Құдай куә. Алайда бәрінің көңілін табу мүмкін емес. 10 адам сахнаны көре алмағаны үшін шоудан кейін билетін тапсырды. Мен оларды түсінемін. Ақшасын қайтарып бердім", - деп жазды әртіс концерттен кейін.

2003 жылғы "Халық әртісі" музыкалық реалити-шоуының жүлдегері алғаш рет Нұр-Сұлтанда өнер көрсетті. Билет бағасы 10 мыңнан басталып, 40 мың теңгеге дейін жетті.

7 қазанда Чумаков Алматыда концерт береді.

1643
Жәрмеңке

Қызылорда және Ақтөбе облыстары елордаға 540 тонна азық-түлік әкеледі

297
Жәрмеңкеге келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік әкеледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

19 және 20 қыркүйекте "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоп пен қант неге қымбаттағанын түсіндірді 

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон і, 5 тонна алкогольсіз сусындар және тағы басқа өнімдерді сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады ("Айс" ЖШС, "Агрофирма Тау" ЖШС, "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "Ақтөбе-нан" ЖШС, "Айбек" ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, "Степное" ЖШС, "Рокос" ЖШС, "Изет ГринХаус" ЖШС және "Гринхаус Қазақстан" ЖШС жылыжай көкөністері, "Мир круп" тұзы, "Жаңажол" күріш, "Сырмаржаны", "Байқоңыр" Агрохолдингі", "Наймир", "Байқоңыр" ӘКК).

Келушілер маска тағып, антисептик қолданып, қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.

297
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы, жәрмеңке
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
"Екі есе қымбаттады": алматылықтар қандай өнімдерді жаппай сатып алып жатыр
Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 
Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді
Ақша, теңге

Нұр-Сұлтанда 1 миллион теңге алатындар саны артады 

525
(Жаңартылды 10:27 16.09.2020)
Тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрын тізімде толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асырап отырған отбасылар болса, қазір тізімге тұрмысы төмен адамдар санатының бәрін қосамыз. Оның ішінде жетім балалар да қамтылады", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейту мәселесі мәслихаттың алдағы сессиясына шығарылады. Сол жерде тиісті құжат қабылданады деген жоспар  бар. 

"Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификатының мөлшері – 1 миллион теңге. Оларды "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қолдануға да болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Осылайша, бұған дейінгі тізімге басқа санаттар да кіретін болатын. Олар:

  • жетім балалар;
  • I және II топ мүгедектері;
  • зейнеткерлер;
  • ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер;
  • мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  • экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде  баспанасынан айырылғандар;
  • бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар.
525
Кілт сөздер:
үйлер, теңге, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Вирус өз дегеніне көндіреді – Көлгінов кәсіпкерлерге үндеу жасады
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруге қанша теңге бөлінеді
ҚР Салық кодексі

Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың көлік салығы неге есептелгенін түсіндірді

0
Салық міндеттемелеріне түзету енгізуге түскен 1507 өтініш иесінің басым көпшілігінің көлігі 2020 жылы сатылған

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар көліктерін сатқан кезде, оны уәкілетті органның тіркеуінен алып тастамайды немесе қайта рәсімдемейді.

"Салық міндеттемелеріне түзету енгізуге түскен 1507 өтініштің 1282-сі 2020 жылы сатылған көліктерге қатысты болып тұр, бұл -  86%", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қалған 225 өтініш сенімхат арқылы сатылып кеткен көлік иелеріне тиесілі.

"Салық органдары салық заңнамасының нормаларына сәйкес уәкілетті органның берген мәліметі негізінде 2019 көлікке салынатын салықты 2020 жылы, ал 2020 жылдың салығын 2021 жылы есептейді", - деп хабарлады комитет.

Сонымен қатар, наурыз айында коронавирус пандемиясының басталуына байланысты салық органдарында азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмас үшін қазақстандықтарға салық салынбаған.

Қазір салық органдары азаматтарға 2019 жылға және өткен жылдарға тиесілі, соның ішінде 2020 жылы сатылған көліктерге қатысты салық берешегі туралы мәліметті жаппай таратып жатыр. 2019 жылғы және одан бұрынғы салықты төлемей, көлігін биыл сатып жіберген азаматтарға қарызы туралы хабарлама жіберілді.

Жеке тұлғалар салық сомасын өзі есептей алады, оны 31 желтоқсаннан кешіктірмей төлеу керек.

Көлікке салынатын салықты есептеу үшін мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы "Салық калькуляторы" сервисін пайдалана аласыз.

0
Кілт сөздер:
салық, кодекс