Астана көрінісі, архивтегі сурет

Полиция қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

4634
Елордада өткен тәулікте ауа райының нашарлауынан 70-тен аса жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Елорданың полиция департаменті жүргізушілерден қар тазалау кезінде көлікті жолдың бойына қоймауды сұрады.

Департаменттің ақпаратынша, өткен тәулікте 70-тен астам жол апаты тіркеліп, бір адам зардап шеккен.

Полиция елордалық жүргізушілерден қар тазалау кезінде көлікті жолдың бойына қоймауды және барынша сақ болуды сұрады.

"Жол шетіндегі көлік қар жинайтын техникаға кедергі жасайды. Тәртіп сақшылары көлік тұрағы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады. Белгіленбеген орындарда тұрған көліктер эвакуаторлардың көмегімен айып тұрағына жеткізіледі", - деп ескертті полиция.

Сондай-ақ, департамент көлік айдайтындарға жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, аяқ асты маневр жасамауға, қысқы доңғалаққа дер кезінде көшуге кеңес берді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

Айта кетсек, кеше синоптиктер бірқатар облыста дабылды ескерту жариялаған еді. Бұдан бөлек, бірнеше өңірде республикалық маңыздағы тас жолдар жабылды.

4634
Кілт сөздер:
жүргізуші, Нұр-Сұлтан, Полиция күні
Загрузка...