Пациент

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды

1563
Ерлі-зайыпты он алты жыл бір шаңырақ астында тұрған, марқұмның артында алты баласы қалды. Үйдің кенжесі төрт жаста

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Елордада күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Науқас 2019 жылдың 10 қарашасында сағат 1:35-те көз жұмды. Денесінің 75%-ін термиялық күйік шалған", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан тілшісіне травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.

Қайғылы оқиға қалай болды?

Трагедия осы жылдың 6 қазанында болды. 43 жастағы ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жіберген. Полицейлер денесін күйік шалған әйелді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағындағы аялдамадан тапты. Зардап шеккен тұрғын Түркістан облысынан көшіп келген екен. Осы оқиғадан кейін күдікті ретінде әйелдің күйеуі қамауға алынды.

Тағы оқыңыз: "Өлтіремін дейді": Күйеуі өртеген әйелдің анасы трагедияға не себеп болғанын айтты

Марқұмның анасы 43 жастағы ер адамның әйеліне бұған дейін де жәбір көрсетіп келгенін мәлімдеді. Айтуынша, күйеу баласының жұдырық ала жүгіруіне қызғаныш себеп болған. Ер адам талай рет әйелінің аяқ-қолын байлап, қиянат көрсеткен. Қызы ажыраспақ болғанда, ашуға ерік беріп, өртеп жіберіпті.

16 жыл отасқан ерлі-зайыптының 6 баласы бар. Үлкені – 16 жаста, кішісі – 4 жаста.

1563
Кілт сөздер:
күйеу, бензин, полиция
Загрузка...