Тұман, астана

Нұр-Сұлтанды қалың тұман басты фотофакт

101
(Жаңартылды 10:47 09.12.2019)
Бүгін теңертең елорданы қалың тұман басып, қаладағы ғимараттар да көрінбей қалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Бүгін таңертең Қазақстан астанасында қалың тұман түсті.

Таңертеңгі ауа температурасы минус 4 градусты құрады.

Зимний туман в Нур-Султане
© Sputnik / Владислав Воднев
Астанадағы қысқы тұман

Нұр-Сұлтан көшелерінде жолдар дұрыс көрінбей қалды.

Зимний туман в Нур-Султане
© Sputnik / Владислав Воднев
Таңертеңгі температура минус 4 градусты құрады

Табиғи құбылыс елорда әуе айлағының жұмысына әсер еткен жоқ. Әуежай бұрыңғы режимде жұмыс істеп жатыр, барлық рейс орындалуда.

Зимний туман в Нур-Султане
© Sputnik / Владислав Воднев
Ғимараттар дұрыс көрінбей қалды

Еске салсақ, бірнеше күн бойы Алматыны да қалың тұман басып тұр. Бұл қалалықтарға қиындықтар тудыруда. Жолдарда апат жиілеп, әуе рейстері тоқтатылып жатыр.

101
Кілт сөздер:
ауа райы, тұман, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды
35°C аяз: синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты
Желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауды - синоптиктер себебін түсіндірді
Фуа-гра, иллюстративті фото

Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген

29
(Жаңартылды 10:22 13.08.2020)
Тексеру кезінде Ерімбетов көшесіндегі "Шашлык" және "Белый дом" кафелері карантин шараларына қарамастан жұмыс істегені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. 5 шілдеден бастап елордада 722 заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордада карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр. Тексеру кезінде 11 тамыз күні түнде Ерімбетов көшесінде "Шашлык" және "Белый дом" кафелері жұмыс істегені анықталды. Карантин шараларына қарамастан, мекемелер келушілерді қабылдаған.

Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған мобильді топ келген кезде мекемеде 11 клиент болды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды 

Сондай-ақ Балқантау көшесіндегі "Кентау", Сарыарқа даңғылындағы "Асқар" дүкендері түнгі 22.00-ден кейін жұмыс істеп, бас санитар дәрігердің шешімін бұзған.

Сонымен қатар, күндізгі тексеру кезінде Достық көшесіндегі "Карима" мейрамханасында келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны белгілі болды.
Сондай-ақ жалға алушылардан балалар автокөліктерін жалдауға және елордалық саябақтардың бірінде балмұздақ сатуға қатысты заңбұзушылықтар анықталды.

"Барлық заң бұзушыларға қатысты материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. 5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 722 заңбұзушылық тіркелді, олардың 487-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

29
Кілт сөздер:
карантин, мейрамханалар
Тақырып бойынша
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамаған 3 нысан жабылды
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Нұр-Сұлтандағы карантин

Нұр-Сұлтанда қатаң карантин ұзартыла ма әкім жауап берді

2123
(Жаңартылды 19:42 12.08.2020)
Осы аптада ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы мәлімдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қатаң карантинге қайта оралмау үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның пікірінше, барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ. Қазіргі жағдай айтарлықтай жақсарған.

"Уақытында қолға алынған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң динамика бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялап, карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы айтады", - деді Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Осы орайда қала басшысы төтенше жағдайдан кейінгі қателікті қайталамау қажеттігін жеткізді. Ол кезде барлығы босаңсып кеткен. Санитарлық ережелерді сақтамаған. Соның салдарынан қатаң карантин енгізуге тура келді. Осы жолы сақ болмасақ, жағдай қайталануы мүмкін, дейді Көлгінов.

"Бірінші карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе қатаң карантин қайтарылуы мүмкін екенін талай рет айттық. Ақырында солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар толып кетті. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Медицина мамандарына үлкен салмақ түсті", - деп атап өтті елорда әкімі.  

Оның айтуынша, алдындағы карантинге қарағанда осы жолы кәсіпкерлік нысандар санитарлық ережелерді жақсы сақтап жүр. Ендігі мақсат – карантиннің нәтижесін сақтап қалу. Сондай-ақ, күзге дайындалу қажет. 

"Біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - дейді қала басшысы.

2123
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім төмендеді - Дәленов
Семейліктер көшеге шықты – қала билігінің жауабы қандай
Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс
Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді

Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақынның мерейтойы Мәскеуде аталып өтті видео

0
(Жаңартылды 18:05 13.08.2020)
Мәскеуде Абайдың 175 жылдығын атап өтті. Ресей астанасында ұлы қазақ ақынының мерейтойына арналған шара қалай өткенін Sputnik видеосынан көре аласыз

Мәскеуде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күнін атап өтті. 175 жылдық мерейтой аясында Абайдың суреті бейнеленген алып пазл құрастырылды.

Пазлдың бөліктерін Нұр-Сұлтандағы ЮНЕСКО мектебінің балалары салды. Барлығы екі жүзге жуық сурет шықты. Әрқайсысында ақын шығармаларының сюжеті бейнеленген.

Бас кезінде пазл Қазақстанда құрастырылады деген жоспар болған. Осы шара астананың орталық алаңында өткізілуі тиіс еді.  Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жоспар өзгерді. 

Sputnik тілшісі шара ұйымдастырушаларымен бірге Чистопрудный бульварына барды.

Бірнеше бөліктен құралған Абайдың суреті қайда қойылады? Пандемияға байланысты қандай шаралар өтпей қалды? Абайдың қандай сөздері әлі күнге дейін аса өзекті?

Бұл сауалдардың бәріне Sputnik видеосынан жауап аласыз.

0
Кілт сөздер:
видео, Мәскеу, Абайдың 175 жылдығы, Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы
Тақырып бойынша
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді
Тоқаев Абай мұрасын зерттеушілерді марапаттады
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады