Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы ауданда егеуқұйрық қаптап кетті – видео

© Sputnik / Абзал КалиевСимвол нового года - Крыса
Символ нового года - Крыса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пәтер иелері осы үйде ет мүшелеген кәсіпкерлерді кінәлап отыр. Солардың кесірінен егеуқұйрықтардан құтыла алмай отырғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Елордадағы "Жағалау" ауданында егеуқұйрық қаптап кеткен.

Егеуқұйрық алдымен кіреберісте болған, ал қазір далаға дейін шығып кетті, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

"Мына жердегі тесікті жауып тастадым. Өйткені егеуқұйрық кіріп кетеді деп қорқамын. Мына жерге де бетон құйып тастадық", - дейді Нұргүл Егімбаева.

Оның "Жағалау" шағын ауданында пәтер алғанына екі-ақ ай болыпты. Мұндай мәселе туындайтынын мүлдем білмегенін айтады.

Үйдің 1-қабатында дүкен жұмыс істеген. Ол жерде кәсіпкерлер ет мүшелеп, қалдықтарды контейнерлерге тастаған. Тұрғындар соның салдарынан егеуқұйрық пайда болғанын айтады. 

"Мына бөлме ет цехының дәл үстінде тұр. Балконды ашқан кезде сасық иіс шығады.Тұрып қалған еттің иісі", - дейді Егімбаева.

Пәтер иелері қала әкімінің орынбасарымен де кездесіпті. Алайда нәтиже жоқ деп отыр. 

Астаналық тауар мен қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті бұл мекен-жай бойынша бірде-бір заңды тұлға тіркелмегенін айтты. Жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін кәсіпорынның реквизиттері керек. 

Тағы оқыңыз: Қосшы ауылының халқы сасық иіске тұншығып отыр - билік не дейді

Олардың айтуынша, үйдің 1-қабатында дүкен ашуға болады. Бірақ пәтерлердің маңында етті бөлшектеуге рұқсат берілмейді.

 

Жаңалықтар
0