Елорда тынысы

Көлгінов кептелістен құтылудың ерекше әдісін ойлап тапты

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды  Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімнің айтуынша, жұмыс орындарының бірінші қабатында шағын орталықтар ашылса, ата-аналар балабақшаға шапқылап, кептелісте тұрмайды    

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада кептелісті азайтуға қатысты тың идея тастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мынандай бір ой бар. Мысалы, осы тұрған Қазмедиа сияқты ірі орталықтардың бірінші қабатында шағын орталықтар ашуға болады. Себебі бұл жерде көп адам жұмыс істейді, олардың балалары да аз емес. Ата-аналар жұмысқа келеді де, өз балаларын шағын орталықта қалдырады. Ал кешке қарай жұмыстан шыққанда бірінші қабаттан алып кете салады", - деді Көлгінов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шағын орталықтар жұмыс орнының бірінші қабатында болса, ата-аналар уақытты да, бензинді де біраз үнемдейді. Балабақшаға шапқылап, кептелісте тұрмайды.

Тағы оқыңыз: Көлгінов Тоқаевтың алдында маңызды мәселені көтерді

"Біз бейнекамераларды көрдік. Бір үйде екі бала, үш бала бар. Таңертең ата-анасы көлікпен бәрін таратып жүреді. Біреуі балабақшаға, екіншісін мектепке, үшіншісін тағы бір жерге апарады. Содан кейін жұмысқа барады. Кешке қарай тағы сол. Сонда бір көлік бірнеше жерде тұрады. Осыдан кептеліс туындайды", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Ал шағын орталық жұмыстың бірінші қабатында болса, ата-аналар ары-бері шапқылап жүрмейді.

"Бұл идеяны жақсы қабылдаса, оны қолға алуға болады. Біз оны іске асыратын шығармыз", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Жаңалықтар
0