Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Жаңа жыл мерекесі: Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қайда баруға болады?

135
30 желтоқсан күні елордадағы "Жастар" сарайының шығармашылық ұжымы балаларды жаңажылдық ертеңгілікке шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Елордада осы аптада көрмелер, театрландырылған қойылымдар, балаларға арналған жаңажылдық ертегілер, хоккей ойындары мен өзге де мәдени-спорттық шаралар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Екінші ай қатарынан Қазақстанның бас қаласында Тәуелсіздік сарайының төрінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Кәміл Муллашевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды. Ол 10 қаңтарға дейін жалғасады. Сондай-ақ, сол жерде 13 желтоқсан мен 13 қаңтар аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары "Дала өрнектері" көрмесін тамашалай алады.

30 желтоқсан күні "Жастар" сарайының шығармашылық ұжымы балаларды жаңажылдық ертеңгілікке шақырады

Сондай-ақ, 2-5 қаңтар аралығында Қуыршақ театрында "Малефисентаның мұзды жүрегі" спектаклі көрсетіледі, ал 3 және 4 қаңтар күндері балақайлар М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтетін ертеңгіліктерге қатыса алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар 2020 жылы қанша күн демалады? 

Жаңажыл қарсаңында, атап айтсақ 30, 31 желтоқсанда "Astana Ballet" театры "Шақылдақ" ертегісін көрермен назарына ұсынады.

Ал спортсүйер қауым 30 желтоқсан күні сағат 19:30-да "Барыс Арена" стадионында өтетін "Барыс" және "Куньлунь РС" командалары арасында шайбалы хоккейден жарысты тамашалай алады.

31 желтоқсан күні "Астана Опера" театрында "Romantique" концерті өтеді.

Ал 2, 4 қаңтарда Астаналық цирк "Жаңажылдық Афроцирк" бағдарламасын ұсынады.

3 қаңтарда "Қазақстан" ОКЗ-да "Түрік хоры" арт-тобының концерті өтеді. Сол күннің ертесіне "Астана" концерт залында "Walt Disney-мен жаңа жылдық саяхат" үрмелі оркестрінің концерті көрерменге жол тартады.

Сондай-ақ, "Феерия" балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының IX халықаралық көпжанрлық байқау-фестивалі 5 қаңтарда "Жастар" сарайында басталатындығын хабарлаймыз.

Одан бөлек, 5 қаңтарда елордалық баскетбол командасы "Енисей" баскетбол командасын "Сарыарқа" велотрегінде қабылдайды.

Сонымен қатар, тұрғындардың ыңғайы үшін қаланың барлық аудандарында мұз қалашықтары мен төбешіктер орнатылған.

"Байқоңыр" ауданы аумағындағы мұз қалашықтары мен төбешіктер "Жастар" сарайы, "Ататүрік" саябағының жанында, "Өндіріс" және "Кирпичный" тұрғын алаптарында орнатылды. Есіл ауданында жаппай сырғанау мен ойындарға арналған орындар ЭКСПО, Ботаникалық бақ, "Хан Шатыр" СОСО, "Керуен" СОСО, "Жетісу" саябағы, "Жағалау" шағын ауданы, Жасыл орамда, "Пригородный" мен "Үркер" тұрғын алаптары аумағында бар.

Ал Сарыарқа ауданында мұз төбешіктері Есіл өзені маңында, сондай-ақ "Астана" СК, Қосшығұлұлы көшесі 17 мекен-жайында, "Тамыз" ТК, "НАЗ" театры, Герцен және Оқжетпес көшелерінің қиылысында, Гете 10 және №187 көшесінің бойында орнатылды.

Алматы ауданында астаналықтар "Қазақ Елі" монументі алдындағы алаңда, "Жерұйық" саябағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында, "Жастар" саябағында, Оқушылар сарайының жанында, Президенттік саябақта, "Ренессанс" мейрамханасының жанында, Триатлон саябағында, "Сарайшық" шағын ауданында, "Железнодорожный", "Интернациональный" және "Мичурино"» тұрғын алаптарында мұз айдындары мен төбешіктерде уақытты көңілді әрі белсенді өткізе алады.

 

135
Кілт сөздер:
демалыс, мереке, жаңа жыл
Астанадағы Арбат

Карантиннен кейін астанадағы Арбат қайта ашылды

43
(Жаңартылды 15:36 01.06.2020)
Арбат сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Барлық үстелдерге санитайзерлер қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Астаналық Арбаттың жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Арбат авторы және үйлестірушісі Арай Ордабаева айтты.

На столичном Арбате
© Photo : Арай Ордабаева
Сатып алушылар, алдымен, санитайзерді қолданып, кейін бұйымдарды қолмен ұстайтын болады

"Бүгін шеберлер аз. Өйткені карантиннен кейін жұмысқа біртіндеп кірісетін боламыз. Сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейміз. Үстелдерге санитайзерлер қойылды. Сатып алушылардан алдымен санитайзерді қолданып, кейін бұйымдарды қолмен ұстауға кеңес береміз", - деді Ордабаева.

Әлі бұқаралық шаралар өткізілмейді.

"Балаларды қорғау күніне әдетте ауқымды бағдарлама болатын. Алайда бүгін еш нәрсе ұйымдастырылмайды. Балаларға ауқымды шара жасау қазіргі уақытта қауіпті. 10 маусым күні Арбаттың құрылған күні. Сол күні қауіпсіздік шараларын сақтай отыра бағдарлама әзірлейміз деген жоспар бар", - деді ол.

На столичном Арбате
© Photo : Арай Ордабаева
10 маусым күні Арбаттың құрылған күніне орай қауіпсіздік шараларын сақтай отыра ауқымды бағдарлама әзірленеді

Астаналық Арбат 2017 жылдың 10 маусымында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Есіл өзенінің бойында ашылған болатын.

43
Кілт сөздер:
жәрмеңке, карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қалаған жағыңа бар! Қазақстан өңірлері арасындағы блок бекеттер алынды
Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустары жүре бастады
Маман маусым айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Аға буынның жауапкершілігін еске салатын мереке – Тоқаев балаларды құттықтады
Армян көліктерін уақытша тіркеу басталды
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

1865
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

1865
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді 
Монеталар

Қазақстанда қаржы пирамидасына қатысы бар қанша қылмыстық топ анықталды

0
(Жаңартылды 14:45 04.06.2020)
Министр орынбасары "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты атышулы қылмыстық істер туралы да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров әр өңірде қаржы пирамидасының қызметіне қарсы іс-қимыл бойынша мамандандырылған топтар құрылғанын атап өтті.

"Соңғы үш жылда Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша полиция бөлімшелері 42 қылмыстық іс қозғады. Олар бойынша қылмыстың 975 эпизоды тергелді. 2017 жылы – 11, 2018 жылы – 9, 2019 жылы – 10 және қазіргі кезде 12 қылмыстық іс қозғалған", – деді ол сенат отырысында депутаттың сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, 38 қылмыстық топ, оның ішінде трансұлттық бір топ анықталған.

2017-2019 жылдары ішкі істер министрлігі Қазақстан, Ресей және Испания азаматтарына қатысты қылмыстық істі тергеді. Олар "Questra Holdings" қаржы пирамидасын құрған. Былтыр желтоқсанда кінәлі адамдар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Қылмыстық топ 9 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Заппаров биыл "Гарант 24 ломбард" ЖШС, "ЕSTATE ломбард", "Выгодный займ" басшыларына қатысты қозғалған атышулы қылмыстық істерге де тоқталды.

"Бұл компаниялардың филиалы 15 өңірде қызмет етіп, олар өз жобаларына 39 мыңнан астам адамды қатыстырған. Бүгінде 9 393 адам арыз түсірді", – деді ол.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы қылмыстық істі тергеуді өз бақылауына алған.

0
Кілт сөздер:
қаржылық қызметтер, қаржы пирамидасы
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды
Өскемендік алаяқ жиһаз жасап беремін деп 16 адамды алдап кетті
Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде