Астана Опера театрының ғимараты

"Астана опера" театрында қойылым кезінде өрт шықты

167
Абырой болғанда, тілсіз жау тез арада сөндіріліп, әртістер спектакльді одан әрі жалғастырды, зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Елордада Е. Вахтангов атындағы Мәскеу театрының гастролі кезінде "Астана Опера" театрының сахнасынан өрт шықты. Бұл туралы белгілі ресейлік актер Сергей Маковецкий айтты.

Әртістер "Дядя Ваня" қойылымын сахналап жатқан.

"Нұр-Сұлтандағы гастроліміз де аяқталды. Қойылымдардың бірінде аздап өрт шықты. Шам өртенді. Шымылдықты түсіріп, жұртты тыныштандырдық. Өрт сөндіргіштермен сөндіргеннен кейін, спектакль әрі қарай жалғасты. Құдды ештеңе болмағандай", - деді Маковецкий инстаграмдағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Маковецкий (@sergey_makovetskiy_official)

Әртіс жақсы қойылым барысында кез келген күтпеген оқиға режиссермен алдын ала ойластырылған секілді болып көрінетінін атап өтті.

Мәскеулік Вахтангов театры Қазақстанға әлемдік турне аясында келді. Театрдың 100 жылдығына орайластырылған турне 2019 жылдың күзінде Парижде басталды.

"Астана Опера" сахнасында 8-11 қаңтар аралығында Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" және Антон Чеховтің "Дядя Ваня" шығармалары сахналанды.

Қойылымдарда басты рөлдерді театр және кино әртістері Сергей Маковецкий, Леонид Бичевин, Ольга Лерман, Людмила Максакова, Ирина Купченко, Артур Иванов, Олег Макаров, Николай Романовский, Мария Волкова, Наталья Винокурова және Юрий Шлыков сомдады.

167
Кілт сөздер:
әртіс, өрт, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры
Загрузка...