Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар үшін сабақ болмайды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуШкольник бежит по зимней дороге, архивное фото
Школьник бежит по зимней дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастауыш сынып оқушылары боранға байланысты жұма күні сабаққа бармайды. 16 қаңтар күні сағат 22:15-тен бастап астанадан барлық бағытқа жолдар жабылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сыныптарда сабақ болмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ауа райының бұзылуына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларында сабақ болмайды", - деп жазылған астаналық білім басқармасының хабарламасында.

Астанада 17 қаңтар күні дабылды ескерту жарияланды. Боран мен көктайғақ болады. Сондай-ақ, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. 

Бейсенбі, 16 қаңтар күні сағат 22:15-тен бастап астанадан барлық бағытқа жол жабылған болатын.

Жаңалықтар
0