Гипермаркет, архивтегі фото

Бүгіннен бастап азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар беріледі

4817
(Жаңартылды 14:05 11.03.2020)
Елордада осы жылдың қаңтар-ақпан айларында АӘК алуға өтініш берген отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 4,4 мыңнан астам балаға көмек беріледі  

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 10 наурыздан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары беріле бастайды.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы "Магнум" ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан аса баланы қамтиды. Олардың ата-аналары осы жылдың қаңтар-ақпан айларында АӘК алу жөнінде өтініш берген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Айта кетсек, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған әлеуметтік көмекке азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары кіреді. Бұл жиынтық тұрмысы төмен отбасылардағы әр балаға тоқсанына бір рет беріледі. Қазіргі уақытта дүрлігу мен кезектің алдын алу мақсатында елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушылардың тізімін жасады.

Әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Әрбір пунктке жауапты тұлғалар бекітілген. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ді "Магнум" сайтына енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады.  Олардың аты-жөні күн сайын алфавиттік тәртіппен жарияланады. 

Кестеде азаматтардың кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді қашан және қайдан алуға болатыны және азаматтардың супермаркеттің қай филиалына бекітілгені көрсетілген. Көмек алушы тізімнен өзін тапқаннан кейін өзі бекітілген Magnum филиалына баруы қажет. Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілетін "Магнум" сауда желісі супермаркеттерінің мекен-жайлары:

  1. Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров көшесі, 8/1 "Б";
  2. Байқоңыр ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі, 20;
  3. Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 "Д";
  4. Сарыарқа ауданы, Алаш тас жолы, 23/1.
4817
Кілт сөздер:
әлеуметтік көмек, азық-түлік
Тақырып бойынша
Қазақстандықтарға 4%-тік микрокредит беріледі
21 мың теңге неге төленбей қалды: атаулы әлеуметтік көмек енді қалай есептеледі?
Атаулы әлеуметтік көмекке ілікпей қалған отбасыларға қатысты тапсырма берілді
Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы
Кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы екі есеге артады
Нұр-Сұлтан қаласы

Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады

795
Полицейлер адам көп жерлерде, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға маска тағуды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Маска тағу тәртібін бұзғандарға 79 530 теңге айыппұл салынады.  

Тәртіп сақшылары елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, тұрғындар үйден шыққанда медициналық маска тағуға міндетті ескертті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бұл аурудың алдын алу үшін жасалады. Құқық бұзушыларға 30 АЕК немесе 79 530 теңге айыппұл салынады.

"Адам көп жерлерде, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға маска тағуды ұсынамыз. Егер адам көп орындарда маска тақпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші кезекте біз тәртіп бұзушыларға қатысты алдын алу шараларын қолданамыз", - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов.

Сондықтан, халықтың денсаулығын сақтау, коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау үшін азаматтар медициналық маска тағуы керек, дейді ол.

Ал елорда тұрғындары арасында блиц-сауалнама көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі маска қорғаныс ретінде қажет екеніне және оны жабық ғимарат ішінде кию керек екендігіне сенімді.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады 

"Меніңше, сыртта маска тағу қажет емес, өйткені таза ауа одан да маңызды. Иә, жабық ғимарат ішінде әлеуметтік қашықтық сақтау, маска тағу керек, бірақ көшеде міндетті емес", - дейді қала тұрғыны.

"Мен жағалауда, адам көп емес жерде таза ауамен дем алу үшін масканы шешемін. Менде вирус болуы мүмкін ғой, сондықтан адамдар арасында маска тағып жүремін", - дейді тағы бір елорда тұрғыны.

Еске сала кетейік, жабық, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, дүкендер мен дәріханаларда, медициналық мекемелерде маска тағу міндетті.

"Маска тағу COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін өте маңызды. Маска тағу тәртібін сақтау керек және әр екі сағат сайын ауыстыру қажет", - деп түсіндіреді терапевт Әзиза Алданбаева.

Қазақстанда карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды.

795
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
Алпыс теңгеден сатылады: елордада маска тігетін қуатты өндіріс іске қосылды
Жүгірген кезде маска тағу керек пе – министр жауабы
Денсаулық сақтау министрлігі жұртты толғандырған сұрақтарға жауап берді
Бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді
Теңге, ақша

Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

5339
(Жаңартылды 16:57 05.08.2020)
Жаңа үйдің тұрғындарына бір ғана электр жарығы үшін әрқайсына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Қала тұрғыны Наталья Бондаренконың айтуынша, жарықтың есептеуіш құралы істемейді.

"Таяуда электр желісі компаниясының өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер деді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді", - деп ашынды ол.

Айтуынша, суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағатын көрінеді. Реттеп отырған адам жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Мәселе мұнымен шектелмейді. Үйдің қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейтіндерін айтты.

"Біз жауапкершіліктен қашып отырған жоқпыз. Кемшіліктерді түзетеміз. Абаттандыру мәселесінің бәрі ертең 100 пайыз шешіледі. Ертең өзім осы жерде боламын", - деп уәде берді компания басшысы Бекзат Пашаев.

Қалалық тұрғын үй қорының өкілі есептеуіш құралдары болғанмен, пәтер иелері коммуналдық мекемелермен келісімшарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығынын өтеуге міндетті екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады 

"Олар осы күнге дейін келісімшартсыз тұрды. Бірақ суды, энергияны қолданып келеді. Осы күнге дейінгі қарыздарын төлеуге міндетті. Яғни, төлем тапсыру-қабылдау актісіне қол қойған күннен басталады", - деп түсіндірді қалалық "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова.

Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әрқайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есепшот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр.

5339
Кілт сөздер:
қарыз, электр энергиясы
Тақырып бойынша
Перуашев мемлекеттің ақшасына шалқып өмір сүргісі келетін шенеуніктерге шүйлікті
Алматылық келіншек банкке 45 миллиард теңге қарыз екенін білді
Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз
Смайылов миллиардтаған сыртқы қарыздың қайдан шыққанын түсіндірді  
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 13 млрд теңге қарыз болып қалды
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты