Астана, жоғарыдан көрініс

Нұр-Сұлтанда түнгі клубтар жабылып, дәмханалардың жұмыс уақыты шектелді

82
(Жаңартылды 12:14 16.03.2020)
Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда кейбір орындар жабылып, кей нысандардың жұмыс уақыты өзгерді

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан астанасында караоке, түнгі клуб, компьютерлік клубтар мен фитнес орталықтары уақытша жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін астанада кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен көңіл көтеру орындары жұмыс істемейді. Атап айтсақ, түнгі клубтар, караоке, бар, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер уақытша жабылады.

Сонымен қатар, мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді. Тамақтану орындарында бір мезетте адамдар саны елуден аспауы керек.

Дәмхана мен мейрамханаларда  және тағы басқа орындарда кальян пайдалануға тыйым салынып отыр.

Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі.

Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады.

Тағы оқыңыз: Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген қызметкерден коронавирус табылды

Бұдан бөлек, ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты шектелді. Енді олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қоғамдық көліктердің жұмысы да еш өзгеріссіз. Соңғы аялдама пунктерінде автобустар дезинфекциядан өтеді.

Қазақстанда коронавирус

13 наурыз, жұма күні Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді.

16 наурыз сағат 8.00 мәлімет бойынша республикада барлығы 9 адам, соның ішінде он екі жастағы бала, вирус жұқтырған: Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда – 7.

16 наурыздан 15 сәуірге дейін ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Яғни, ірі сауда орындары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен халық көп жиналатын басқа да нысандар жұмысын уақытша тоқтатады.

82
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (433)
Тақырып бойынша
Өзбекстанда бір адамнан коронавирус  табылды
Алматыда коронавирус жұқтырған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматыға қонған ұшақтан коронавирус табылды: бортта 130 жолаушы болған
Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлататын дәрілер белгілі болды
Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды
Қазақстанда баланың коронавирус жұқтырғаны анықталды - видео
Загрузка...