Астана көрінісі

Қазақстан астанасы коронавирусқа байланысты жабылуы мүмкін бе

193
(Жаңартылды 16:11 17.03.2020)
Бүгін астанада он төрт адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың төртеуі Италия мен Оңтүстік Корея елдерінен ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған адамдардың күрт өсіп кетуіне байланысты қалада төтенше жағдай жариялануы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз қазір вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың санына талдау жасап жатырмыз. Ауру, негізінен, сырттан келген, біз оларды рейстен түсіріп, оқшаулаймыз. Талдау жасап, белгілі бір шаралар қабылдаймыз. Қосымша хабарлаймыз", - деді Қисықова онлайн брифингте. 

Айта кетсек, бүгін астанада он төрт адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың төртеуі Италия мен Оңтүстік Корея елдерінен ұшып келген. Он үш адамның жағдайы қанағаттанарлық, бір пациенттің хәлі орташа. 

Соңғы дерекке сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адам. Оның 11-і Алматыда, қалған 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған он төрт адам туралы тың дерек шықты

Айта кетсек, індетке шалдыққандар арасында екі жасар сәби де бар. 

1536 адам стационарлық карантинде, ал 1094 адам үй карантиніне алынған.

Қазақстанда 16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол отыз күнге созылады.

 

193
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Астана, Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (433)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған он төрт адам туралы тың дерек шықты
Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар баланың жағдайы туралы айтты
Венгрияда қазақстандық әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды
Ірі сауда орталықтары мен кинотеатрлар салықтан босатылады
Қазақстан мешіттерінде жұма намазы уақытша оқылмайды
Загрузка...