Елорда тынысы

Елордалықтар коронавирус жұқтырып-жұқтырмағанын жақын арада тексере алады

© Sputnik / Владислав ВодневСтопка защитных масок
Стопка защитных масок - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қисықова вирус диагностикасы тек ұлттық сараптама орталығында жүргізілетінін атап өтті. Бұл жұмыс алдағы екі аптаға жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Алдағы екі аптада Нұр-Сұлтан халқын коронавирусқа тексеру басталады. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Халықты коронавирус инфекциясына тексеру алдағы екі аптаға жоспарланған", - деді Қисықова астанада өткен брифингте. 

Айтуынша, қазір вирустың бар-жоғы "полимеразды тізбекті реакция" диагностикасы әдісімен анықталады. 
Вирус жұқтырған адамның отбасы мүшелері, жақын араласқан әріптестері, ұшақта бірге отырған адамдар тексеріледі. Кімді тексеріп-тексермеуді эпидемиолог дәрігерлер шешеді. 

Қисықова вирус диагностикасы тек ұлттық сараптама орталығында жүргізілетінін атап өтті. 

Бұған дейін басқарма басшысы коронавирусқа шалдыққан 25 пациенттің жағдайына тоқталды. Айтуынша, барлығының жағдайы жақсы, денсаулығына шағымы жоқ.

© Sputnik / Владислав ВодневЖолаушылар пойызындағы коронавирустың алдын алу шаралары
Елордалықтар коронавирус жұқтырып-жұқтырмағанын жақын арада тексере алады - Sputnik Қазақстан
Жолаушылар пойызындағы коронавирустың алдын алу шаралары

Еске салсақ, қазіргі уақытта елде 49 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-і - астанада, 22-сі - Алматыда және екі адам Қарағандыда тіркелді.

Жаңалықтар
0