Нұр-Сұлтан қаласындағы Бәйтерек монументі, архивтегі сурет

Министрлік Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

4015
(Жаңартылды 15:05 24.03.2020)
Ішкі істер министрлігі елордадағы төтенше жағдай қашан жойылатынын және басқа да апаттар қалаға қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда карантиннен басқа, су тасқынына байланысты жергілікті төтенше жағдай режимі де сақталып отыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин оны қашан жою жоспарланғанын және елордадағы су тасқынының қауіп-қатері туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Төтенше жағдай режимін тоқтатуды әкім шешеді. Менің ойымша, коронавирус жағдайына байланысты жарияланған төтенше жағдай 15 сәуірге дейін жалғасады. Демек, Нұр-Сұлтан қаласында осы уақытқа дейін режим сақталуы мүмкін", – деп түсіндірді Ильин брифингте.

Елордада су тасқыны қаупі бар ма

Ішкі істер министрінің орынбасары қазіргі кезде мұз жылдам еріп жатқанымен жер тоңбағандықтан, су тез сіңетінін айтады. Сондай-ақ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

"Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның барлық аймақтарында қар тазарту жұмыстары жалғасуда. Жалпы көлемі 15 миллион текше метрден астам қар тасымалданды. Сондықтан да, егер күн күрт жылына қалса, қатты су баспайды деп үміттенеміз. Өйткені, біз осы кезге дейін жеке секторлар мен арық-атыздарды, каналдарды тазарттық. Бұл еріген судың өз ырқымен ағып кетуіне сеп болады", – деді Ильин.

Оның айтуынша, қазір 300-ден астам елді мекен су тасқыны қаупінде тұр. Бірақ олардың барлығы 100% су астында қалады дегенді білдірмейді.

Су тасқыны жағдайы Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында болуы мүмкін. Ал 21 наурыздан бастап қар еруінің белсенділігі артқан.

Нұр-Сұлтандағы төтенше жағдай режимі

Айта кетейік, елордада 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап ұзаққа созылған қолайсыз ауа-райына байланысты (бұрқасын, қар) төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол осы күнге дейін жойылған жоқ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада барлық қар тазаланғаннан кейін төтенше жағдай режимін жоюға болатындығын мәлімдеген.

Қазақстандағы коронавирус

Елімізде коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. 16 наурыз күні елде төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылды.

Төтенше жағдай қашан аяқталады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда әлі бұл вирусқа шалдығудың шыңы тіркелмегенін айтты. Сондықтан билік екі қалада карантиннің аяқталу мерзімін нақты айта алмайды. Абаевтың айтуынша, карантин тезірек аяқталуы үшін дәрігерлердің талабын орындау керек.

4015
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қызылордада WhatsApp арқылы хабарлама таратқан әйелдердің басы бәлеге қалды
Тоқаев Қарағанды облысында төтенше жағдайдың алдын алуды тапсырды
Антисептикалық құралдарды қалай қолдан жасауға болады - видео
Министрлік қай өңірлерді су басуы мүмкін екенін айтты
Коронавирус қаупі жоғары аймақтар картасы интернетте қайта пайда болды
Загрузка...