Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тағы екі нысан карантинге алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы көшелерін дезинфекциялау жұмыстары
Алматы көшелерін дезинфекциялау жұмыстары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер 22 наурыздан бастап шамамен 1750 әуе жолаушысын тексерген, үш адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Елордада "Мейірім" медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды. Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар карантинге жіберілді, оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Дезинфекция жүргізіліп жатыр. Пациенттерге баруға қатаң тыйым салынды.

Еске сала кетсек, қалалық штаб барлық әуе жолаушыларын тексеру туралы шешім қабылдады. Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 22 наурыздан бастап 20-дан астам рейсті қабылдады, бұл шамамен 1750 адам. 1,5 мың адам коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін алды.

Үш жолаушының тесті оң нәтиже көрсеткен. Барлық жолаушыны тексеру инфекция жұқтырған адамдардың қалаға шығуына жол бермеуге және оларға уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылған болатын. 26 наурызда дәл осы ауруханада Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болған еді.

Қазақстанда 28 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирустан 18 адам жазылып шықты, оның 13-і — Нұр-Сұлтан қаласында.

Республикада індетке шалдыққандар саны 229 адамға жетті. Ең көбі – Нұр-Сұлтан (135) мен Алматыда (60).

Жаңалықтар
0