Әскерилер, архивтегі фото

Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды видео

10864
(Жаңартылды 14:27 09.04.2020)
Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай кезінде арнаулы әскери жиынға 100 адам шақырылды. Олардың арасында "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы Ибрагим Ескендір де бар

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес елордада әскери міндеттілердің тізімі жасалып, әскерге шақырылды.

Бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың барлығы әскери міндетті-еріктілер. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Әскери міндеттілер қатарында белгілі қазақстандық боксшы, "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы және орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сезінеміз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы жарлығын естігенде, еш күмәнсіз бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын", - деді Ибрагим Ескендір.  

Қала әкімі Алтай Көлгінов  әскери міндеттілердің негізгі міндеті коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету екенін атап өтті.

Әскери міндеттілер тамақпен, киім-кешекпен, сондай-ақ еңбекақымен толықтай қамтамасыз етілді.
 

10864
Кілт сөздер:
әскери борыш, әнші
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (413)
Тақырып бойынша
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
Желіде тараған видео: Алматы көшелеріне бірнеше танк не үшін шығарылды
Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды
Үш айға дейін созылады - әкімдер әскери міндеттілерді жиындарға шақыруы мүмкін
Алматыда арнаулы жиындарға қанша адам шақырылатыны белгілі болды
Тоқаев жарлығы: жиынға шақырылған әскери міндеттілерге қанша төленеді
Астанадағы Арбат

Карантиннен кейін астанадағы Арбат қайта ашылды

45
(Жаңартылды 15:36 01.06.2020)
Арбат сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Барлық үстелдерге санитайзерлер қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Астаналық Арбаттың жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Арбат авторы және үйлестірушісі Арай Ордабаева айтты.

На столичном Арбате
© Photo : Арай Ордабаева
Сатып алушылар, алдымен, санитайзерді қолданып, кейін бұйымдарды қолмен ұстайтын болады

"Бүгін шеберлер аз. Өйткені карантиннен кейін жұмысқа біртіндеп кірісетін боламыз. Сағат 12.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейміз. Үстелдерге санитайзерлер қойылды. Сатып алушылардан алдымен санитайзерді қолданып, кейін бұйымдарды қолмен ұстауға кеңес береміз", - деді Ордабаева.

Әлі бұқаралық шаралар өткізілмейді.

"Балаларды қорғау күніне әдетте ауқымды бағдарлама болатын. Алайда бүгін еш нәрсе ұйымдастырылмайды. Балаларға ауқымды шара жасау қазіргі уақытта қауіпті. 10 маусым күні Арбаттың құрылған күні. Сол күні қауіпсіздік шараларын сақтай отыра бағдарлама әзірлейміз деген жоспар бар", - деді ол.

На столичном Арбате
© Photo : Арай Ордабаева
10 маусым күні Арбаттың құрылған күніне орай қауіпсіздік шараларын сақтай отыра ауқымды бағдарлама әзірленеді

Астаналық Арбат 2017 жылдың 10 маусымында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде Есіл өзенінің бойында ашылған болатын.

45
Кілт сөздер:
жәрмеңке, карантин, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қалаған жағыңа бар! Қазақстан өңірлері арасындағы блок бекеттер алынды
Нұр-Сұлтанда қала маңы автобустары жүре бастады
Маман маусым айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Аға буынның жауапкершілігін еске салатын мереке – Тоқаев балаларды құттықтады
Армян көліктерін уақытша тіркеу басталды
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

1886
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

1886
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (413)
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді 
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (413)
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді